👈 қаріп өлшемі 👉

Жалқаулық туралы Нақыл сөздер ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 19
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 4
Нақыл сөздер: 19
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Кедейліктің үлкен апасы жалқаулық.
—  Естеу ЖҮНІС
"Кейінірек" - ерте ме, кеш пе, сіздің арманыңызды сізбен бірге көметін қауіпті ауру.
—  Тимоти Феррис
Күту жалқаулардың сылтауы, жалқаулықтың жасырынбақ ойнауы. 
—  Артур Шопенгауэр
"Өзінің жалқаулығына байланысты қалаған нәрсеге қол жеткізе алмаған адамнан басқа жаман ауырсыну жоқ.“
—  Уилл Смит
 Үмбеттерім үшін ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семіру; ұйқышылдық, жалқаулық және өзінің әлсіздігіне сенімді болу.
—  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Адамды жөн білетін дана деп біл,Істерін жалқау жанның шала деп біл.
—  Шал Құлекеұлы
«Жалқаулық -жұт болады, Еңбекқорлық – құт болады»
—  Олжабай Сабырбек
Жалқаулық кез-келген істі қиындатады.
—  Бенджамин Франклин
Адамдар жалқаулықпен өздеріне қамқорлық жасауды ұмытып кеткен кезде қиындықтар туындайды.
—  Сұн Зы
Жұрт қайырымдылық жақсы қасиет деп есептесе де, кейде ол мақтаннан, кей-кейде жалқаулықтан, жиі қорқыныштан, ал көбіне үнемі осы үшеуінен қатар..
—  Франсуа де Ларошфуко
Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс. 
—  Ыбырай Алтынсарин
"Кедейлік-бұл жалқаулықтың немесе немқұрайлықтың нәтижесі.“
—  Наполеон Хилл
Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек. 
—  Қабуснама
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.Күні бұрын жуытпа маңайыңа,Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.  
—  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
—  Міржақып Дулатұлы
Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи..
—  Тәжібаев Төлеген
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі -топастық, екіншісі - жалқаулық.
—  Платон
Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және..
—  Джеки Чан
Еңбек – қуаныш, жалқаулық айрылмас азап.
—  Абай Құнанбаев

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы