Орта туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Орта" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Орта" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Орта" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Орта" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 136
Өлеңдер: 11
Нақыл сөздер: 6
Эсселер: 1

Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.
Сөз білмесең үндеме, көп ішінде отырсаң.
Еңбек етсең өміріңше емерсің.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер.
Құлдың көзі жоқ.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Көсеу ұзын болса, қолың күймес
Ағайының көп болса адам тимес.
Арғымақты жамандап, кәні, тұлпар тапқаның,
Ағайынды жамандап, кәні, туған тапқаның.
Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.
Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.
Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.
Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.
Өсиет алған өлмес.
Алған сабағың біреу болсын, тоқуы мың болсын.
Ер - бас,
Қатын - мойын.
Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.
Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.
Жаман шоқпар жинар.
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.
Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.