Сақал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 15
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Бұрын шыққан мұрттан, кейін шыққан сақал озады.
Ұзын сақалдың арқасында ешкі өзін поппын (дін қызметшісі) деп ойлады.
Сақалсыз жебірей, жебірейсіз сақалдан жақсы.
©  Жебірей
Сақал-қарттың сәні.
Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.
Ұрының сақалында сабан салбырайды.
Әркімнің ойы – атағы,
Көсенің ойы – сақалы.
Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.
Бояушыны бояушы дегенде сақалын бояйды.
Сабасына қарай піспегі,
Сақалына қарай іскегі.
Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.