Тәрбие туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Тәрбие" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Тәрбие" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Тәрбие" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Тәрбие" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 239
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 126
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 2
Шығармалар: 11
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 26

Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.
©  Аристотель
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
©  Лев Толстой
Тәрбие дегеніміз — тәрбиеленушілерді белгілі бір адамгершілік дағдыларын меңгеруге көндіру мақсатымен бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы.
©  Лев Толстой
Бала тәрбиелеу — шындап келгенде, өз-өзіңді тәрбиелеу.
©  Лев Толстой
Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
©  Бауыржан Момышұлы
Тәрбиелі — тәртіптің құлы.
©  Бауыржан Момышұлы
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.
Балаңды ордаға бер, немесе молдаға бер.
Атасыздың аты шықса,
Асу сайын із салар.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Ата тұрып сөйлеген баладан без,
Ана тұрып сөйлеген қыздан без.
Бала - дүниеге әкелгендікі емес, тәрбиелегендікі.
Баланы – жасынан,
Қатынды – басынан.
Ғалым тәлімін өзінен бастасын.
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Тең теңімен, тезек қабымен.
Ғалым алдында аузыңды тый.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе,
Соңғы дөңгелегі сонда жүреді.
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
Көргенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
Жақсы лебіз, жарым ырыс.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Алдыңғы арба қайдан жүрсе,
Соңғы арба содан жүрер.