Жас туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жас" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жас" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жас" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жас" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 45
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 143
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 29
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 1
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 3

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.
Ақыл — жас ұланнан,
Жүйрік — тай құнаннан.
Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.
Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.
Асыл - тастан, ақыл - жастан.
Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.
Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?
Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.
Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.
Өмір өтер, жас өсер.
Бір төбеде үш бастау,
Біреуінің суы - тәтті,
Біреуінің суы - ащы,
Біреуінің суы - сор.

жауабы - Ауыз, жас, сор
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.
Бір “әліп” мұнарадай көзім көрген,
Екі “мәт”, екі “сәкін” оған ерген.
Болғанда “иа” ден камал, нұрдан гауһар,
Болады кім данышпан мұны..
Қына тастан шығады,
Өнер, білім жастан шығады.
Арпа берсең, атқа бер,
Қатыр-құтыр шайнасын.
Қызды берсең жасқа бер,
Құшақтасып ойнасын!
Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.
Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.
Үлкенге – ізет, жасқа – жол.
Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.
Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың.
Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.