Қас туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 13
Жұмбақтар: 6
Өлеңдер: 29
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 1

Қара жолақ созылған,
Дала, қырат, таулардан.
Ол не, тап!
Ол - ...

Жауабы: Қас
Асқар бел,
Асқар белдің аржағында ақ өткел,
Ақ өткелдің аржағында кішкене тау,
Кішкене таудың аржағында қиған қамыс,
Қиған қамыстың аржағында..
Бір топ қамыс,
Бір топ қамыс астында қиған қамыс,
Қиған қамыс астында жылтырауық.
Жылтырауық астында пышылдауық,
Пышылдауық астында..
Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс.
Пысылдауық, пысылдауық,
Астында сақылдауық.

жауабы - Шаш, қас, мұрын, ауыз
Үрпек-үрпек тау,
Үрпек таудың астында екі жарық жұлдыз,
Оның астында екі тышқақ тоқты,
Оның астында жатқан тағы бір құндыз.

жауабы - Шаш, көз..
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.