Түйенің өркешінде жыр боталап...
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Қарасаз ауылындағы өнер мектебінің
Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқушысы Мұхаметжан Ақбота
Жетекшісі: Түзелбаева Арай - сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы
Шығармашылық жоба.
Тақырыбы: Түйенің өркешінде жыр боталап...
Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды... Қай өнерді алсақ та, әуелі өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.... Әрбір жұрттың өнері, әуелі әр елдің тіршілік қалпындағы белгілі бір шарттарынан туады.
Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. (М. Әуезов)
Мақсаты: қазақ халқының ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасын жаңғырта отырып - ұлттық дәстүрімізді дамытуға өз үлесін қосу. Әр ұлт - тың өзіне тән қолөнерінің түрлерін үйреніп қана қоймай, оны сәндік қолданбалы өнерінде орнықты пайдалануды үйрену. Халқымыздың алтын қазынасын, қолөнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізіп қана қоймай, оларды шығармашылыққа пайдалануды үйретіп келе жатқан суретшілер - мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары туралы мәлімет жинап, олардың қолөнерге тән аса құнды тәжірибелері мен дәстүрлі бұйымдардың жасалу жолдарын үйрену, олардың тарихын зерттеу. “Өнерліге өріс кең” де - ген ата - бабаларымыздың нақыл сөзін өмірлік қағида тұту.
Гипотеза:
1. Қазақ халқына тән қолөнерінің тәлім - тәрбиелік мағынасын білу, үйрену.
2. Адамзат өміріндегі өнердің атқаратын ролін түсіну, халық қолөнерін жаңғырту.
3. Қолөнерімізге тән құндылықтарды тауып, бейнелеу өнерімен байланыстыру.
Кіріспе
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылық - тар мен дәстүрін дамыту. Аталған бағытты алдымызға мақсат етіп қойып, көнере бастаған қолөнерімізді бүгінгі күнде өз кәдемізге жарата отырып, қолданып қана қоймай, оны жаңғыртудың маңызы өте зор.
Жаңару, жаңғыру заманы өміріміздің бар саласында да өзінше бір қайта құру, қайта қарау, жаңаша ойлау, тың көзқарастармен, адамзат таңырқар идеялар алға тартып отыр. ХХ ғасырдың аяғымен ХХІ ғасырдың басы өзгерістер дәуірі өмірге, өнерге өзінің жаңа леп, жаңа тынысын әкелді. Соның ішінде қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда ұрпаққа таныта отырып, салт - дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қару, оны қадір тұтып, қастерлеу ерекше маңызға ие болды. Солардың бірі - ата - бабамыздың ұмытылып бара жатқан қолөнері еді.
“Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді”- деп М. Әуезов айт - қандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызды ата - бабамыздың қолөнерімен еркін сусындату, оны бойына сіңіріп өсіру алғы кезектегі қажеттіліктің бірі.
“Өнер көзі - халықта”,- дейді даналық. Ұрпақтан - ұрпаққа тарап келе жат - қан осы сөзде салғаннан санаға бірден сіңер сындарлы да салмақты шын - дық бар. Жас талант орындауындағы күйге әсерленсекте, хас шебер қолы - мен жасалынған қайталанбас қымбат затты көрсек те, көкейіміздегінің бәрін бір ауыз сөзге сыйғызып: “Өнер көзі – халықта ғой”,- деп отырамыз. Бұл сүйсіністі әлі талай айтамыз, өйткені өнер өскелең, мәдениетімізбен өнерімізде жақсы талап білдіріп жүрген жас өкілдер жыл санап өсіп келеді. Бұл да халық арасындағы таланттарға деген қамқорлықпен қастерлеушіліктің бір белгісі. Ата - бабамыздың бүгінгі ұрпаққа жеткізген қолөнерін бойына сіңіріп, қастерлеу көзі ашық, көкірегі ояу, ар - намысты ұл - қыздардың біріншіден ұрпақтық борышы болса, екіншіден оны жаңғырту міндеті деп білемін. Мен осы шығармашылық жұмысымды қолға алғанда, өз борышымды шама - шарқым жеткенше өтегім келді.
“Ел іші - өнер кеніші” деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің, суретшілердің жасаған таңғажайып бұйымдарын қолыма ұстап, көзіммен көргенде, іздегенімді тапқандай болдым.
Түнде менің түсіме жиі енеді
Сахараның шұбырған түйелері.
Түйенің өркешінде жыр боталап,
Түйенің боздағынан күй өледі.
М. Мақатаев.
Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да талғайда білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре берген. Шеберлік пен ісмерліктің сан алуан түрін асқан ізденімпаздықпен дамыта отырып, көкірегіне түйген ойын шығармашылыққа салып қазақ халқының қолөнерін жетілдіруді көздеген шеберлеріміз қаншама.
Өнер ұлылығының бір сыры уақыттан ықпайтын осындай бақилық қасиетінде болуы керек.
Өзімнің тырнақалды үлкен туындымды, яғни бітіру біліктілік жұмысымды бастамас бұрын ата - бабамыздың тұрмыс - тіршілігімен қатар оның қолөнерінің, салт - дәстүрінің тарихын білу керек екендігін түсіндім. Осыған орай менің зерттеу жұмысымның бастамаса туындады. Халқымыздың өнерге бай халық екенін бұрында білетінмін, енді ата - бабамыздың біздер, ұрпақтары үшін қаншалықты баға жетпес байлық тастағанына өнер туралы оқыған сайын көзім жете түсті.
Халықтық өнер дәстүрін жаңғырту, өрбіту, оны өз ой елегімнен сұрыптап өткізе отырып, қасиеті туған жерім Қарасаздан шыққан ақиық ақын М. Мақатаевтың: “ Сахараның шұбырған түйелері” атты өлеңінің
Түйенің өркешінде жыр боталап,
Түйенің боздағынан күй өледі,- деген жолдарына тоқтағым келді. Осы өлеңді оқи отырып, ата - бабамыздың тарихын көз алдымнан өткіз - гендей болдым. Біздің салт - дәстүріміздің бір кірпіштей бөлшегіне болса да өз үлесімді қосуды міндет деп санадым.
Түкті және тақыр кілем
Кілем тоқу – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеректен белгілі, ел арасына кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақытта да « шебердің қолы ортақ» деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу сияқты көршілер арасындағы ұйымшылдық пен өзара көмек, қолқабыс көрсетуінің арқасында тындырылатын іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан - аяқ 3 - 4 адам, құруға одан да көбірек адам қатысады.
Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді. Еліміздің түкпір - түкпіріне кең таралған осы бір өнер түрінің өріс алып, бай мазмұн – мағынаға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе, республикамыздың оңтүстік аудандары.
Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай кілем тоқудың түрлері де әр алуан. Әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған қалыпқа лайықтап, қазіргі тұрмыста кеңінен қолданылып жүргені – түкті кілем және тақыр кілем.
Түкті кілем ою - өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларына ие болған. Тек қана қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар, өзге елдерден (Шығыс елдерінен) әкелінген кілем түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. Әндіжан кілем, бұқар кілем, түрікпен кілем, парсы кілемі, арабы кілемі деген атаулар соның айғағы болса керек.
«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуда қолөнердің өзіндік қыр - сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл?! Оның айғағы - тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып келген ою - өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара түсіп, бет - бедерінде тұрмыс - тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі кілем тоқу өнері – біржақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі – қолдағы барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда. Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ тұр.
оң қолға ұстап бас бармақ пен пышақтың арасына әлгі түкшелерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап нығарлаған соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды. Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығарлап, келесі түк шалуға кіріседі.
Кілем – сәнді тоқыма жихазы. Негізінен сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтанылады. Кілем тоқу ерекшелігіне (түкті, тақыр), материялына (жүн, жібек, мақта, кендір талшығы), көлеміне ( қос гүлді, үш гүлді, қос күмбезді, бес күмбезді(, ою - өрнегіне (көгеріс өрнекті, ұласымды өрнекті т. б.), бояу үйлесіміне байланысты бөлінеді. Көптеген деректер мен жазба жұмыстары Ассирия мен Вавилонда кілемнің болғандығын растайды. Иран, түрік, азербайжан, түрікмен, дағыстан кілемдері көркемдігімен жоғары бағаланады.
Иран кілемдері өндірілген орнына ( «Исфаһан кілемі», «Қашан кілемі», «Хорасан кілемі» ), ою - өрнегінің тақырыбына ( мысалы, саятшылық немесе табиғат көрінісі бейнеленген кілем) қарай жіктеліп, адам және жан - жануарлардың ұтымды кескінделуімен, кенере әріптерінің биязылығымен ерекшеленеді.
Түрікмен кілемдері де тоқылған жеріне байланысты «Ушан кілемі», «Құла кілемі» т. б. болып бөлінеді. Оның негізгі гүлдері көрнекті жасалып, жиектері әсемдепжазылған құран үзінділерімен безендіріледі. Орталық гүлдері 8 жапырақты «гүлдерден», ал қосымша өрнектері әр ру кілемінде («Эрсары кілемі», «Сарық кілемі», т. б.) түрлі – түсті алқызыл түсті көмкерлерден тұрады.
Азербайжан кілемдері тоқылу үлгісіне, орнына байланысты («Ширван кілемі», «Қазақ кілемі») бөлінеді Бұл кілемдер түсірілген күмбездердің қонымдылығымен, өрнектердің биязылығымен көз тартады.
Қазақ кілемдері де тоқылу ерекшелігіне (түкті кілем, тақыр кілем), материялына ( жібек, масаты, қалы кілем), өндірілген орнына ( Қызылорда кілемі, Алматы кілемі, Жамбыл кілемі), ру үлгілеріне (Адай кілемі, Керей кілемі, Қоңырат кілемі, Үйсін кілемі), қосалқы белгілеріне ( шашақты кілем, оқалы кілем) қарай түрліше аталады. Қазақ кілемінің ежелгі төркіні байырғы сақ, үйсін, ғұн өнері мұраларына саяды. Олар түркі кілемдерінің қазіргі үлгілеріне көп ұқсас: негізінен қызыл, қара, сары, күлгін аспан көктүстерді қолдану арқылы өз дәүірінің әдет - ғұрып, тұрмыс - салт және кәсібін табиғат көрінісімен астастыра бейнелеген.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында түкті және тақыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі үлкен гүлдері «күмбез» жиектеріндегі текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны қуалай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды қорғанын қуалай су жүргізілген, қаланы елестетеді. Кейде ортаңғы гүл - күмбездердің орнына «түлкі ілген бүркіт» жан - жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Гиометриялық өрнектер өте басым, ішінара көгеріс өрнектер қолданылады.
1936 жылдан ұлттық үлгілерге жаңа мазмұнды беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді.
Кілемді машинамен тоқу, шамамен, 1825 ж. Европада Франц Жаккардтың өрнекті мата және кілем тоқу ісіне пайдаланылатын машина ойластырып табуының (1806ж) негізінде пайда болды. Осыдан 25 жыл өткен соң Англияда машинамен кілем тоқу қауырт дамыды.
Қолмен тоқылған кілемге қарағанда, машинамен тоқылған кілемнің беріктігі мен көркемдік сапасы нашарлау, ал сыртқы түрі мен өрнегі жағынан одан кем емес, әрі өнімділігі жоғары және арзанға түседі. Кілемші қолмен жылына 10 - 12 м2 кілем тоқыса, машинамен сағатына 4 - 5 м2 кілем тоқылады.
Машинамен тоқылған кілем өндірілу әдісіне қарай: жаккардты шыбықшалы (тұзақшалы яки қырқылған түгі бар), қос полотнолы жаккардты ( түгі қырқылған), аксминтерлі (түгі тігілмелі) т. б. болып бөлінеді.
Қарапайым тақыр кілем үшін бір өріс және бір арқау жүйесі ғана пайдаланылса, түкті кілемді екі не үш қабат өріс және арқау жіптері болады. Мұндағы арқаулар өз өріс жібімен ғана емес, іргелес өріс жібімен де айқасады. Ал түк тек үстіңгі қабатына ғана ұстатылады. Шыбықшалы, қос полотнолы, түйіншекті түкті кілемдердің түгі өріс жібімен, ленталы кілем түгі арнайы дайындалған арқаумен, ал аксментирлі кілем түгі механикалық жолмен бұйым негізіне ендіріледі. Осылардың ішінде ең соңғысы ғана шығыстың қол кілемдеріне ұқсастау.
Машинамен кілем тоқуда негізгі өріске мақта жіп, қосарлы өріс пен арқауға кендір жіп, түк үшін жүн қолданылады. Кілем тоқылып біткен соң әр түрлі қосымша өңдеуден өтеді (мыс, түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға ұсталады, шеті әдептеліп яки шашақ тағылады т. б.)
Өрмек
Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданатын өте қарапайым әдісі, яғни мұны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісі аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді Жай өрмек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Халық қолөнерінде көбірек қолданылып жүрген өрмектің осы екінші түріне - жай өрмекке тоқталып өтейік. Жай өрмекті құрып, тоқу үстінде пайдаланатын мынандай жабдықтары болады:
1. өрмек өрісінің қазықтары;
2. күзеу шыбығы – қабатталған шиден, түзі тобылғыдан сымнан жасалады;
3. адарғы – екі жақ шеті жүздендіре жонылған, ортасы сәл дөңес, ені 20 - 25 сантиметрдей тақтай;
4. есепші немесе кергіш сабау, оны «сару ағаш», «беру жіп» деп те атайды;
5. қылыш - өзі шынында да қылыш тәрізді, сырт жағын (жетесі) 3 - 4 миллиметрге дейін, дүз жағын 6 - 7 миллиметр шамасында ғана жұқарта жонып, ортасын дөңестеу еткен, ені 12 - 15 сантиметр жалпақша келген ағаш;
6. арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басының аз ғана ашасы бар 20 - 30 сантиметрдей түзу таяқша;
7. арқалық – 1 - 1, 20 метр шамасындағы түзу таяқ (диаметрі 3см);
8. көтерме немесе мосы - басы біріктірген 3 ағаштан тұрады;
9. екі басын тұйықтап байлайтын бақылау жіп ( бөлік жіп).
10. өрмек жіптер. Өрмекке арналып иілген жіптер істелетін бұйымдарға, жасалатын жолақтарға, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол тұстар бөлек - бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңқай, солақай етіп иіре береді.
Осындай әзір жіптерді мөлшерлеп отырып, екі топқа бөледі. Оның біріншісі - өрмектің күзуіне ілінетін үстіңгі жіптер. Екіншісі - күзуге ілінбейтін астыңғы жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті «өрісі» деп, астыңғы жіпті «қарсысы» деп атайды. Кейде үстіңгісін «еркек жіп» астыңғысын «ұрғашы жіп» дейді.
Арқау - бұл ерсі және қарсы жіптердің арасына көлденең түсіп отыратын жіп. Арқау тоқылатын нәрсенің қалың және жұқалығына қарай, кейде ерсі және қарсы жіптерінің жуандығымен бірдей, кейде одан жуан болып иіріледі.
Күзу – бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратып, әрқайсысын өз орнына тізу үшін қолданылады. Күзу жіптің мөлшері бір алқым шамасында, ол өте ширақы және екі қабат етіліп түйе жүнінен иіріледі де, соңынан ыспаланады. Күзу өрмек жібінің өрісін (ұзындығын) өлшеп, оның неше метр немесе не - ше құлаш болатынын анықтап алған соң, жазық жерге әлгі өлшемді тең төрт бұрышқа бөліп 4 қазық, кейде үш бұрышты өлшем жасап, үш қазық қағады. Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз тегіс жер болуы және малдың, адамның көп жүретін аяқ асты болмауы керек. Өрмек құрушы шеберлердің көз мөлшері, көңіл есебі күшті келеді. Мысалы, өрмектің өрісі 20 метр болса, онда төрт бұрыштың төрт қабырғасы 5 метрден келеді. Бұдан кейін сол төрт қабырғаның бірінің орта шенінен бесінші қазық қағылады. Оған қатар арқалық, арқа - лыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді. Бесінші қазық пен арқалық қаданың арасы 20 - 25 см қашық тұрады.
Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің төрт қазығын айнала жүріп, соған төгеді. Мұны «өрмек жүгіру» деп атайды. Егер ерсі жіптері бірнеше түсті болса, онда әлгі екі адам оларды санай отырып кезек - кезек төгеді немесе бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп - шаламға былғанбау үшін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез домалап, тез ағытылуы үшін, жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіс аяққа, табаққа салып жүгіреді
Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы күзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің шағын домалағын алады да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты орай күзу шыбығынан тағы бір рет жарты қазықбау байлауымен өткермелейді. Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып, екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады. Мұны «өрмек шалу» дейді.
«Өрмек жүгіру» біткен соң қазықтарды суарып тастап, өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі жақ басы тұйық болып шығады. Мұның бір тұйығын өріске апарып, қазыққа кигізеді. Екінші тұйығынан көлденең ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып, жерге төсей бекітеді. Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп өрмек көтермесіне іледі. Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі жіп жоғары шығады да, бос жіп күзудің астында қалады. Бұдан кейін арқалықтың алдыңғы және артқы жағынан ітіс - тартыс екі айқас пайда болады. Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10 - 15 см қуыс болып, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Енді алдыңғы айқас жіптерді ажыратып, қолмен санап отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түсіріп, бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бірге бақылау жібін өткізіп, оның екі ұшын тұйықтап байлайды. Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса, оңай тауып алу үшін және жіптерді біркелкі керіп тұруы үшін, адарғы қоярда саналған жіпті 20 - 30 пардан топтастыра кергіш сабауға тізіп байлайды. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10 - 15 см ашыққа арқау шөлмегін өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап қағады. Бұдан кейін қылышты суырып алып, адарғына қырынан көтере күзудің деңгейіне әкеледі. Сол кезде күзуге ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20 - 25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара - арасымен 10 - 15 сантиметрдей ерсі жіптің үстінен қуыс қалады. Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіпті арқау үстінен пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді. Күзудегі ерсі жіптер тағы жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс қайтадан қалпына келеді. Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады. Осы тәртіппен қайталаудың нәтижесінде ерсі жіп пен қарсы жіптердің қапсыра айқасып түсуінен барып өрмек тоқыла береді.
Осылайша үлкен залдарға, есік пен төр арасына, есік пен төр арасына жайылатын төсеніштерді түгін шығара әсем етіп тоқуға болады. Ол үшін өрмек жүгіргенде оның ерсі жіптерін үш қатар етіп жүгіртеді, яғни ерсінің жібі мен қарсының жібінен басқа «өрнек жібі» дейтін тағы бір жіп қоса жүгіріледі. Бірақ ол жіп ерсі жіптен гөрі қысқа шалынады. Өрмек керіліп, адарғы жатқан сурет пайдаланылады. Тәжірибелі кілемшелер әр өрнектің шығарылуындағы жіп санына әбден қанығып алған соң суретке қарамай - ақ тоқи береді. Өрмек жібі ерсі жіптен біраз жоғары тұрады, адарғы көтерілгенде ерсі жіппен бірге қарсы жіптің астына түседі. Сол кезде арқау өз жолымен негізгі екі жіптің айқас арасына түседі де, өрнек жібінен болған айқас арасына жұмсақ металдан істелген 4 - 5 жіңішке сым түседі. Сымның жуандығы 2 - 3см шамасында жасалады. Осы тәртіппен 4 - 5 сым салынып, жіп айқастары сымдарды орай 4 - 5 рет тоқылған соң, күзу жақтағы шеткі бір сымды қалдырады да, қалған төрт сымның үстіндегі жіптерді арнаулы аспаппен қиып жіберіп, сымдарды босатып алады. Қиылған жіптердің ұштары тоқыманың үстіңгі бетінде түк болып қалады. Жұмыс тәсілі осылайша қайталана береді.
Кесте өнері
Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше бір түрі. Бұл өнер қазақ халқымен бірге жасап келеді десек қателеспеспіз. Оған дәлел ұлан байтақ жерімізден табылып келе жатқан археологиялық қазбалар мен жазба деректер. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлікпен ұштастыра бейнелеген ақыл - парасаттарының жауһары іспеттес. Атадан балаға мұра болып отарған бұл өнер ғасырдан ғасырға, жылдан жылға жалғасып, толықтырылып, жаңартылып, жаңғыртылып отырды. Кестешілік өнер толысып, кемелденумен бірге, өзінің көз тұндырар көркемдігімен, жан тебірентер әсемдігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік – тынысына мән - мағына қосып, заттық және рухани сән - салтанатын арттырып отырды.
Қазақ кестесін түсіну үшін алдымен, оның ою - өрнегін білу қажет. Ою - өрнек үлгілеріне ата - бабамыз тотемдік сенімдеріне байланысты, аспан шырақтарын, табиғат құбылыстарын, мифтік тұрғыдағы “киелі” деп білген аң - құстар мен жан - жануарлардың бейнелерін, табиғаттың көз тоймас көркем келбеті, ру - тайпалардың таңба белгілерін сан - алуан жіптермен түрлеп аса бағалы қолөнер туындыларын кестелеп шығарды.
Кесте өрнегін кез - келген адам сызып шығара бермейді, оны халық арасында арнаулы “сызушы” деп аталатын өрнекшілер сызған. Өйткені кестеленіп тігілген бұйымдар төсек жапқыш, төсек сырмақ кежім, киімге тігілетін түрлері сан - алуан болғандықтан, олардың өрнектері де соған сәйкестендіріліп сызылған.
Кесте өнерімен қазақ арулары айналысқан. “Ана көрген тон пішер”деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек. Қазақ қыздарын аналары ыждахаттылық пен төзімді талап ететін кесте өнерін бала күнінен үйретеді. Кесте өнерінің қыз баланың табанды, сабырлы мінез - құлқын қалыптастыруға пайдасы зор. Бойжеткен қыздар өз жасауларының ішіндегі кестеленетін заттарды өздері тігеді.
Кесте өнерінің түп - төркіні – тігін, тоқыма, өрме өнерімен тамырлас. Мәселен, жөрмеу тігісінің түрленуінен “баспа кесте”, “қабырға кесте”, “ашамай кесте” түрлері туындаған.
Адамдардың эстетикалық талғамының артуы, замана ықпалы кесте өнерінің сан - алуан түрін туындатып, халқымыздың заттық рухани өмірін өрлете түсті.
Қазақ әйелдерінің бүгінге дейін қолданып келе жатқан кесте түрлері:
“баспа кесте”, “қабырға кесте”, “ашамай кесте”, “біз кесте”, “шекпе кесте”, “маржандау”, “түкті кесте”, “тышқан із”, “оюлау”, “жапсырма кесте”, “құрақ кесте” тағы басқа түрлері.
Гобелен.
Гобелен тоқу өнеріне келетін болсақ, ол тоқылу технологиясы өте күрделі өнер - дің бірі. Гобелен - қолдан тоқылған суретті кілем. Оны алаша, кілеммен салыс - тырғанда керегеге ілетін картини болып саналады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы ерте кездегі Египет елінде пайда болған
тоқыма өнерінен бастау алады. Орта ғасырдағы батыс Европа – шпалераның биікке өрлеу кезеңі болып табылды. Париж, Аррас, кештеу Брюссель қалалары шпалера тоқу өнерінің орталығына айналды. Ол кездері ірі ғимараттардың іші шпалералармен және гобелендермен безендірілетін.
1662 жылы Париждегі Сен - Марсель предместьесінде париждік отбасы Гобеленовтардың сюжетті - өрнекті композициялары “гобелен”атауымен халыққа танымал болып, корльдік деңгейде өзінің ашылу салтанатын өткізе отырып, ерекше үрдіспен өріс ала бастады. 1716 жылы І Петрдің шақырылуымен гобелен тоқушы француз шеберлері Санкт-Петербургке келіп Россияның гобелен тоқу өнерін қалыптастырды.
Халық қолөнер шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер соңғы кезде кілем, терме алаша тоқудың жаңа тәсілі «Гобелен кілемін» дайындауды қолға алуда. Олар, әсіресе, көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарды іздестіріп, одан әрі дамыту жағын көздеуде.
Гобелен кілемнің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен, жалпы ою - өрнек суреті сирек қолданылады. Көпшілігінде адам, мал, дала, құрылыс, білім, мәдениет, спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Ал гобелен кілемнің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болып, өрмек теруінде бір ақ, кейде өрнек жіптері тоқылмай қалатын әдістер де кездеседі. Мұндай тоқылмаған өрнек жібі қиылмайды.
Қазақстанда Алматы қаласына осы жаңа өнер алдымен келді десек жаңылмаған болармыз. 1970 жылы суретші Құрас Тыныбеков марқұмның
«Дала» атты тақыр кілем мәнерімен тоқылған үлкен гобелені көрме залына қойылды.
Кілем тоқу өнерінің осы жаңа түрі жас суретшілерді қызықтырмай қоймайды. Келесі өткізілген көркем көрмеде гобелен тоқушылар саны көбейе бастады. Бұл көрмеге өздерінің жаңа гобелен кілемдерімен Б. Зәуірбекова, И. Ярема, Ж. Крупко, т. б. авторлар қатысты.
Қазіргі уақытта гобелен тоқу өнері республикамыздың облыстарына да тарап отыр. Жаңа өнерде шеберлігі ерекше көзге түскен Бәтима Зәірбекова Қазақ ССР - нің Ш. Уалиханов атындағы мемлекеттік сыйлығымен бағаланады.
1969 жылы Алматы суретшілер училищесін үздік бітірген жас шебер 1973 жылы өткізілген республикалық көрмеде көрермендерге таныс болды. Үш жылдан соң Москва қаласындағы Бүкілодақтық көрмеде «Әуен» және «Көктем» атты көлемді кілемдері көрсетілді. Қазақстан шеберлерінің ішінен Б. Зәуірбековаға СССР Мәдениет министрлігі мен Суретшілер одағының Дипломы берілді.
Осы жылдардан бастап Б. Зәуірбекова жасаған тақырыптық гобелендер Дүниежүзілік және Бүкілодақтық көрмелерге қатысуда. Ұзындығы 17 метр, ені 2 метр «Қазақстаным» атты гобелен кілемі Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінің төріне көрік беріп тұр. Ал «Әуен» және «Көктем» атты гобелен кілемдері Қазақ ССР Мемлекеттік көркемөнер музейі көрме залының тұрақты экспонаттары.
Осындай жас өнерді ілгері дамытып, жалғастырып жүрген жас шебердің біреуі Лиза Қалымова.
Текемет басып, сырмақ сыруды, алаша тоқуды Лиза жас кезінен анасынан үйренген. Мектепте оқып жүргенде - ақ оқушылар арасында шебер атанған. 1971 жылдары Алматы суретшілер училищесін бітірген Лиза 1971 - 1978 жылдары «Түскиіз» және пима дайындайтын фабрикаларда суретші болып істейді. Сол кезде – ақ оның жасаған текемет, сырмақ, аяққаптарымен республикалық, Бүкілодақтық, Дүниежүзілік жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысты. Лиза 1979 жылдан СССР суретшілер одағының мүшесі. Ол тоқыған «Дина Нұрпейісова» және « Бейбітшілік»кілемдері республикалық көркемөнер көрмесінен қорға сатып алынып, «Қызылқұм» атты күрделі гобелен кілемі «Қазақстан» қонақ үйінің галерея залына қойылған. Ал Ленинге арналған портрет кілемі (ұзындығы 5м, ені 2, 5 метр) «Екібастұз» сарайынан орын алды.
Соңғы он жылдан аса Л. Қалымова Қазақ ССР Мемлекеттік көркемөнер музейінде, ескі қолөнер мүлкін дүниеге қайта келтіру бөлімінің шебері болып істейді.
Қазақ бейнелеу өнеріне үлкен үлес қосып келе жатқан қылқалам шеберінің бірі Әлібай Бапанов. Ол монументті кескіндемені гобелен өнерімен ұштастыра білді
Кілем тоқу әдісі
Енді осы өнердің ел арасында дамыған түрі – түкті кілем қарапайым технологиясын ұсынамыз.
Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек жібінен сәл жуандау, бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым сумен жуылып, салқын сумен шайылады. Келептерді жеке - жеке жайып сорғытып бояйды. Бояу әркімнің қалауынша мөлшерленіп, боялатын жіп мөлшеріне орай суға езіліп құйылады. Түйіршік қалмай әбден ерітілген бояу қазанда қайнап тұрған суға құйылып, үстіне сірке қышқылы қосылады. Енді қоспа араластырыла отырып жіп салынады. Қазанның қақпағын жауып, жіп бояуды алғанша қайнатады. Сонан соң келепті бір - бірлеп сорықтырып, бөлек ыдысқа түсіріп алады да әбден суығанша бетін жауып қояды. Сонда ғана боялған жіп өз буымен бояды бойына қажетінше сіңіріп, бабына келеді. Әрі қарай бояу сіңген жіпті салқын сумен 2 - 3 қайтара шайып, іледі. Осылайша дайындалған жіптің бояуы оңбайды және бір - біріне көшпейді. Бояуы қанық жіптің өрнегі кілемге ерекше сән беріп, құлпырта түседі.
Тоқылатын кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен түк салуға арналған жүн көлемі де әр түрлі болады.
Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ келеді. Қазір арқауға мақта жіп те пайдаланылып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек жібіне сәйкес, өте жіңішке немесе жуан болмағаны жөн.
Көлемі 4, 20 х2, 30 м болатын кілем арқауына 4 кг, желі жүгіртуге 10 кг мақта жіп және түк салуға 24 кг жүн жіп керек. Осы кілемді тоқу үшін 520 қатар желі тартылады. Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйір бидай дәні сиятындай болса (желі жібі керіліп, қалып темір болтпен тартылғаннан кейінгі өлшем) жарайды. Желі жүгіртіліп, қалып қатайтылғаннан кейін күзу байланады.
Күзу байлау өте - мөте мұқияттылықты қажет етеді. Күзу ағаштың ұзындығы кілем енінен 30 - 40сантиметрдей ұзындау, қалыңдығы 5 - 7 сантиметр болады.
Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп, екі тінделеді. Оны ешкінің қылын араластырып иіруге немесе орнына желіге қолданатын мақта жіпті пайдалануға болады. Күзу жіп боялмайды. Ол желі жібінің орын - орнында, түгел болуын қамтамасыз етеді.
Желі жібі өте мықты болады, өздігінен үзілмейді. Дегенмен әлдеқалай босаң тартып немесе үзілгені болса күзуден байқауға болады. Мұны кілемшілер « жіп қашу» дейді. Мұндайда үзілген жіпті аса ептілікпен жалғау керек. Үзілген жіптің ұшын бір - біріне жеткізіп байлау мүмкін емес, өйткені қалып қатайтылып, желі жібі барынша керіліп тұр. Сондықтан ортадан жіп жалғайды да, жалғанған желі жібінің артығын жіңішке шимен бұрап тастайды.
Кілем тоқу былай басталады: 5 - 6 арқау бойына түк салынбай арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқы адырғыны көтеріп шатыс алынса, келесі жолы адарғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де, тарақпен тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемнің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырылады.
Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғасады. Түк шалуда шеттік 2 - 3 арқау әркімнің талғамына сай бірін - бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түстен жолақ
бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түгіне арналған жіп домалақтары оңай тарқатылатындай етіліп соған ілінеді. Барлық түстер қатар - қатар ілінуі керек. Домалақтағы жіптің ұшы кілем тоқушының қолында болады. Ол керегіне қарай желіге бір орап шалады да, кесермен пышақпен артығын қырқып тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына (немесе табағына ) түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізіледі. Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем төсегі (негізгі фоны) мен өрнекті бір - бірінен айқындап бөліп тұрады. Яғни екі түрдің шекарасы іспетті.
Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: (қос шатыргүл немесе жеке шатыргүл), мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жапырақ немесе қошқар мүйіз, сыңар мүйіз оюлары. Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрін де бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.
Күзу мен тоқылыстың арасы 70 - 80 см мөлшерінде сақталады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы шеттік пен күзеудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш әрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шатыс алу қиындайтын шекке жеткенде тоқылыс аяқталып, яғни кілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдағыдай 5 - 6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл – кілемнің екінші шеті.
Дайын болған кілемді екі адам екі шетінен (енінің) қарама - қарсы бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашақты кілемнің Шашағын (желі жібінен( қалаған ұзындықта қалдыруға болады.
Қырқылған кілем қағып – сілкіледі. Шаң – тозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есіп алақұрт салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашақ жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шеттігіндегі түксіз тоқылыс үстінен жиек бастырғандай бастырып тігіледі. Кілем иесінің қалауынша шашақ түюіне болады
Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жоймау үшін қабырғаға керіп іледі. Неғұрлым жақсы тартылып керілсе, шеті шиыршықталмай, қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды әрі формасын жақсы сақтайды.
Тақыр кілемнің жібін терме алашаға иіргендегі екі тіндеп ширатады. Бір кілем желісіне 6 кг (тақыр кілемге 14 кг) жіп керек. Желі жібінің мықты болуы үшін көбінесе ешкінің қылын немесе түйенің шудасын жүнге қосып иіреді. Ширатылып, келептелген соң міндетті түрде шыңдалады. Ол үшін біраз уақыт қайнап тұрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып алады. Содан кейін арасы 0, 5 м қашықтыққа қағылған екі қазыққа керіп тастайды. Жақсы шыңдалған кілем жібі кілем тоқылып біткенше созылмай немесе ұзындығын жоймай, бір қалыпта тұрады. Мұндай кілемнің бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады. Бір айта кететін жай - шыңдалатын жіпті екі қазыққа айналдыра орағаннан кейін мықты ағаштан бұрау салып тастайды. Осы бұрауда 7 - 10 күнге дейін тұрған жіп әбден бабына келіп шыңдалған деп есептелінеді.
Тақыр кілем өрнегіне атынан көрініп тұрғанындай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп делі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Арқау орнына түрдің жібі қолданылады. Осы әр түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай арқау орнына өткізбелей отырып кілем тоқыла береді. Тоқудың бұл түрі теріп тоқу деп те аталады.
Ал тоқылуы түкті кілемдей көп уақыт та алмайды. Орташа көлемді тақыр кілемді 3 адам 10 - 15 тоқып шығарады. Алақұрт өткізу, шашақ түюді кілем иесінің қалауынша жүргізеді. Сондай – ақ тақыр кілем өрнегіне де салулы
Кілем жабдықтары
Кілемді жайсаң – төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Әсіресе, соңғы жылдары кілем тоқу өндірістік кәсіпке айналып отыр. Әйтсе де кілемді қолдан тоқу өнері күннен күнге өріс алуда. Кілем өрмегін құрып, тоқу жағдайында пайдаланылатын жабдықтардың түрлері төмендегідей.
Адарғы тарақ – кілемнің өрнегіне келтіріліп шалынған түсті жіптерді, яғни соңғы бір қатар түкті арқауға нықтап бастыра қағып отыратын жабдық. Тарақтың қолға ұстайтын ағашын (сабын) еменнен немесе қайың ағашынан жонып жасайды.
Тарақтың тістері темірден жасалып, ағаштың кеңдеу шетіне, әр тістің арасына 2ммашық қалдырып қашап бекітеді. Адарғы тарақтың ұзындығы 15 - 20 см, тіс жағының ені 8 - 10 см, биіктігі6 - 7 см болады. Тарақтың сабы зімпара қағазбен (наждачная бумага) тазаланып тегістеледі.
Кесермен пышақ - кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып байлаған соң, артық жіпті кесетін аспап. Пышақтың жүзі өткір болуы керек, темірі болат болғаны жөн. Бұл аспапты қолдан жасамай, дүкенде сатылатын дайын бәкіні алып пайдалануға да болады. Соңғы кезде кілем тоқитын өндірістік кәсіпшілік мекемелерде түкті кілемді қолмен өрнектеп тоқитын шеберлердің пышақ – кесермендері өзгерді деп айтуға болады. Олар көбінесе кілемнің желі жібіне шалып байланатын түрлі - түсті жіптердің артық ұшын кесуге ұстараны да пайдаланып жүр. Ол үшін бәкінің ұстайтын сабын сол күйінде қалдырып, ұстараның жүзін қайтара егеп, кішкене металл қаңылтырын екіге жапсыра иеді де, бәкінің кесктін жүзіне кигізіп бекітеді.
Ұстараны ұзынынан иіп, ортасынан сындырып, бір бөлігін әлгі қаңылтырдың екі қосылған шетінің арасын қыстырып ұстатады, ұстараның біріншісінің жүзінің өткірлігі азайған соң шығарып тастап, жаңасын салады. Осындай кесерменнің бәкінің жүзіне қарағанда үлкен айырмашылығы бар. Біріншіден, ұстараның жүзінің өткірлігі бәкіден әлдеқайда артық және ұстараның болаты өте сапалы. Екіншіден, ұстараның жүзі өткірлігіне байланысты ұзақ пайдаланылады. Сондай - ақ жіп те жеңіл қырқылады.
Қайшы - кілем түгін тегістеп қиюға пайдаланылатын жабдық. Кілем тоқитын шеберге үй тұрмысында тұтанатын кіші - гірім қайшыдан гөрі киім пішушілердің үлкен қайшысын пайдаланған дұрыс.
Отырғыш – қалыңдығы 4 - 5 см қарағайдан немесе қайың ағашынан жасалады. Ұзындығы 2, 5 - 3 м, ені 35 - 40 см, екі аяғының биіктігі 40 - 45 см тақтай қашалып, желімге отырғызылып шегеленеді.
Отырғышты кілемді тіке тұрып тоқығанда пайдаланады. Кілемді әдетте 2 - 3 шебер қатар отырып тоқиды, сондықтан отырғыштың ұзындығы кілемнің енінен аздап ұзын болғаны жөн.
Отырғыш жерге жатқызылып тоқылатын түкті кілемге де пайдаланылады.
Гобелен тоқу әдісі.
Гобелен тоқуға арналған станоктар гобелен көлеміне қарай арнайы жасалады. Олар өңделген ағаштардан жасатылады.
Гобелен тоқу үшін ең алдымен қалаған тақырыпқа суреттер, эскиздер салынады. Эскиз ойыңыздағы размерге қарай ұлғайтылып, гуашьпен боялады. Дайын болған суретке қарай жіптер дайындалады немесе боялады. Гобеленді бастау үшін бірінші арқау жіп керіледі де оның артқы бойына тоқылатын эскиз ұстатылады. Арқау жіпке арнайы кілем тоқуға арналған зығыр немесе мақтадан дайындалған жіптер жарайды.
Композиция
Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі композиция деп аталады.
Графикалық сурет пен кескіндемелік немесе сәндік қолданбалы өнер туындысында сурет салуда сызықтық, форманы құруда құрылымдық, тепе - теңдік (пропорция), көлем, жарық пен көлеңке, көңіл күй мен жай - жапсарды беру жүйеленеді, әсіресе композициялық қарекеттер жайлы ерекше айтуға болады. Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады.
Кез - келген суретті салу композициядан басталады. Композиция – салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір - бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішімді нақты табу, шығарма көлемін табу, т. б. шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Кең байтақ жазық далада, теңіз жағасында тұрғанда, біз көкжиек сызығын көреміз.
Сурет салуға кіріскенде альбом парағын қалай орналастырған дұрыс екенін, суреттің үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай жаққа және қаншалықты жылжытқан дұрыс екендігін ойлап алған жөн.
Композициялық шешімде симметрия және асимметрия үлкен рөл атқарады. Суреттің композициясында оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.
Бейнелеу өнері туындылары кескіндеме, графика немесе кілем - картина - гобелен тарихи оқиғаның, қоғамдық өмірдің барша кезеңдерін тұтас қамтымай – бір үздік сәтін, бір үздік кезеңіне ғана көркем суреттей алатыны анық.
Гобелендегі астарлы ойдың негізгі қозғаушысы, қазақ халқы қастерлеп кие тұтқан төрт түлік малдың бірі - түйе. Түйе арқылы дархан даламыздың сұлу та - биғаты бейнеленсе, өткенінің сарыны, бүгіннің ақиқаты, ертеңінің алапат рухы ата - бабамыздың туған топырағы нда ұрпағы мәңгілік домбырасымен күйін шертсе, қобызымен жырын жырлайтынын аңғаруымызға болады.
Тоқып аяқталған гобеленнің көрінісі.
№ | Кеткен материалдардың аты | Салмағы, мөлшері | Құны |
1 | Түрлі – түсті жіп | 5кг | 15000тг |
2 | Арқау жіп | 1кг | 5000тг |
3 | Ватман | 5шт | 1000тг |
4 | гуашь | 5қорап | 5000тг |
5 | Тоқылған уақыты | 6 ай | |
6 | Жалпы құны | 26000тг | |
Бағалан құны | 300000тг |
Қорытынды. Бүгінгі күні ата - бабамыздың ұмытылмай ортамызға жеткен өнеріне менде өз үлесімді қосамын және өзімнің замандастарымды осындай ұлы өнерге шақырамынн. Бүгінгі ұрпақ, біздер - ертеңгі еліміздің болашағы екенімізді ұмытпайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру