Су - тіршілік көзі


Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Су - тіршілік көзі»

Бағыты: Әлеуметтік және экологиялық мәселелер.

Секциясы: Экология

Авторы: Сержанова Толғанай Сейітжанқызы

1 – сынып оқушысы

Жетекшісі: Опорный орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі Далабаева Г.С

2014 жыл

Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 1 сынып оқушысы

Сержанова Толғанай Сейтжанқызының

«Су тіршілік көзі» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

Пікір

Зерттеу жұмысы өмір нәрі – су туралы, суға жалпы сипаттама, оның қасиеттері, минералды, шипалы сулар және суды қорғауға арналған.

Автордың алдына қойған зерттеу мақсаты – судың сипаттамасымен басталып, оның маңыздылығы, сусыз тіршіліктің жоқ екендігі бойынша орындаушы судың біздің өмірімізге тигізетін әсерін атап көрсеткен.

Жүргізілген зерттеудің маңыздылығы – зерттеу нәтижелері мектеп оқушыларына сусыз өмір жоқ екендігін түсініп, су. Суға сипаттама тақырыбы бойынша көмекші құрал бола алатындығында.

Зерттеу жұмысы мектеп курсында дүниетану пәнінде оқушыларға арналған. Зерттеуде судың маңызын оқыту процесінде судың жан – жақты процесі ашылған.

Жұмыс мақсаты орындалып, оқу материалдарының тиімділігі дәлелденген.

Бастауыш сынып оқушысы Т.Сержанованың су туралы тақырыбындағы жұмысы талапқа сай рәсімделген, орындалған. Сондықтан авторға әлеуметтік және экологиялық мәселелер секциясы бойынша дайындалған «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы жұмысына жоғары баға беруге болады деп есептеймін.

Ғылыми жетекші: Боранқұл ауылынадағы

«Теміржол су» бөлімшесінің

меңгерушісі Бекешов С.А.

Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 1 сынып оқушысы

Сержанова Толғанай Сейтжанқызының

«Су тіршілік көзі» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

Пікір

Зерттеу жұмысы өмір нәрі – су туралы, суға жалпы сипаттама, оның қасиеттері, минералды, шипалы сулар және суды қорғауға арналған.

Автордың алдына қойған зерттеу мақсаты – судың сипаттамасымен басталып, оның маңыздылығы, сусыз тіршіліктің жоқ екендігі бойынша орындаушы судың біздің өмірімізге тигізетін әсерін атап көрсеткен.

Жүргізілген зерттеудің маңыздылығы – зерттеу нәтижелері мектеп оқушыларына сусыз өмір жоқ екендігін түсініп, су. Суға сипаттама тақырыбы бойынша көмекші құрал бола алатындығында.

Зерттеу жұмысы мектеп курсында дүниетану пәнінде оқушыларға арналған. Зерттеуде судың маңызын оқыту процесінде судың жан – жақты процесі ашылған.

Жұмыс мақсаты орындалып, оқу материалдарының тиімділігі дәлелденген.

Бастауыш сынып оқушысы Т.Сержанованың су туралы тақырыбындағы жұмысы талапқа сай рәсімделген, орындалған. Сондықтан авторға әлеуметтік және экологиялық мәселелер секциясы бойынша дайындалған «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы жұмысына жоғары баға беруге болады деп есептеймін.

Ғылыми жетекші, Теміржол су – Маңғыстау ЖШС

су шебері: Құсайынов Ө.Н.

Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 1 сынып оқушысы

Сержанова Толғанай Сейтжанқызының

«Су тіршілік көзі» тақырыбына жазған ғылыми жұмысына

Пікір

Ғылыми жұмысты оқушы «Су – тіршілік көзі» тақырыбына жазған. Тақырыпта судың тіршілік үшін өте қажет екені, таза су мен лас сулар, судың қасиеттері, шипалы сулардың қасиеттері көрсетілген.

Жұмыста өмірде судың алатын ролі басым жазылған.

Алдағы кезде суды тазарту жұмыстарын қолға алу, шипалы судың емдік қасиеттерін бағалау қажеттілігін ұсынады.

Толғанай Сейтжанқызы «Су – тіршілік көзі» тақырыбына жазған ғылыми жұмысы, су тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.

Кішкентай бүлдіршін су туралы жинаған суреттерін, материалдарын жинақтап отырады.

Зерттеу жұмысында су туралы талдай отырып, өз ойын толық жеткізген.

Сондықтан жұмыс авторына экология секциясы бойынша дайындаған жұмысына жоғары баға береді деп сенемін.

Ғылыми жетекші: Далабаева Г.С.

Опорный орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны:

І. Кіріспе

1.1. Су – тіршілік көзі____________________________________________

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Суға сипаттама_____________________________________________

2.2. Судың қасиеттері______________________________________________

2.3. Минералды және шипалы сулар_______________________________

2.4. Суды қорғау _______________________________________________

ІІІ. Қорытынды ________________________________________________

ІV. Қосымшалар _________________________________________________

V. Пайдаланылған әдебиеттер_______________________________________

Аннотация.

Зерттеудің мақсаты:

Өмір өзегі – суға жалпы сипаттама бере отырып, судың қасиеттері, маңызы, өмірде қолданылуы, суды қорғау мәселелеріне тоқталу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Суға жалпы сипаттама
  • Судың қасиеттері, қолданылуы
  • Судың ластануы
  • Минералды және шипалы сулар
  • Суды қорғау шаралары

Зерттеудің нәтижелері:

Судың ластану көздері және алдын алуға бағытталған ұсыныстар.

Шешім:

Судың жалпы сипаттамасын, қасиеттерін, маңыздылығын, оның ластануын және алдын алу шараларын қатыстыру жұмыстары бойынша шешім.

Аннотация

Цель исследования:

Необходимо заострить внимание на вопросах значимости, рационального использования воды, как источника жизни.

Задачи исследования:

  • Общая характеристика воды.
  • Качества воды, способы использования.
  • Загрязнение воды.
  • Минеральные и лечебные воды.
  • Принимаемые меры по защите воды.

Результаты исследования:

Предложения направленные на профилактику и ликвидацию источников загрязнения воды.

Решение:

Меры, принимаемые по вопросам определения оснавных характеристик воды, ее загрязнения и профлактики.

І. Кіріспе

Ата – анам таңертең салқын сумен жуын, ол денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ол қалай пайдалы екенін ойланбаймыз?

Сұрақтың жауабын табуда маған ой келді. Неге ерте салқын сумен жуынамыз, неге үлкендер суды төге берме дейді. Осыларды білгім келді. Сондықтан зерттегім келді. Жобаны жазу мақсатым – судың қасиеттерімен маңызымен, табиғи сулармен, газдалған, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды.

Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су – тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр.

Суға сипаттама берсек:

Судың дәмі,исі,түсі жоқ сұйық. Су – адамның зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады. Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу – газ.

22.03 – су қорларын сақтау күні.

Химиялық формуласы Н2О.

Пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол лас су. Қазіргі кезде лас суды тазартатын қондырғылар бар.

Табиғи сулар ащы, тұщы болып 2-ге бөлінеді.

Ақтаудағы теңіз суын атом қуаты арқылы тазартып қолданады.

Ең таза су жаңбыр суы, дистелденген су. Жерден шығатын суларда бар. Олар минералды сулар, олардың ішуге жарайтыны да жарамайтыны да бар. Мысалы: Есет ауылындағы «Қыз әулие» суы ащы, ішуге болмайды, бірақ емдік қасиеті бар. Мен жазда «Қыз әулиеге» бардым. Адамды аурудан жазады. Сарыағаш суы ем, біз ішіп жүрміз.

Біздің ауылға су Волга өзенінен келеді. Ауылда «Темір жол су» бөлімшесі бар, мен барып көрдім. Тұрбалармен үйлерге таратылған.

Судың адам өміріндегі маңызы зор.

Су тамшылардан құралады.

Облысымыздың ауыз суы лас. Халықты қажетті мөлшерде, сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіліп тұрады. Судың ластығын білетін жұртшылық алдын алу шараларын жасау керек. Себебі: тазартылмаған судан ішек, асқазан аурулары пайда болады.

Маңғыстау елі суға тапшы аймақ, сондықтан суды қадірлеп, қорғау керек.

Жер гидросферасының жалпы көлемі – 1800 млн км куб. Су экожүесінің құрамы мен құрылымын анықтайтын фактордың бірі.

ІІ. Негізгі бөлім

1.Суға жалпы сипаттама

Сусыз тіршілік жоқ, өйткені су бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын ролі зор. Адамзат тіршілігінде мәні өте зор.

«Сулы жер – нулы жер» дейді халық мақалы.

Су – адамның зейінін ашады.

Суға жалпы сипаттама берсек:

Барлық тірі ағзалардың 75 % - ы судан тұрады. Адам таза сусыз өмір сүре алмайды. Су үнемі таза, ауа мен құрлық арасындағы айналымды жүзеге асырады.

Ата – бабамыз суды қадірлеп, қастерлеп бірнеше мақал – мәтелдер айтқан.

Судың бойына жиналған таза энергия кейбір ауруларға ем болады. Мәселен дене температурасын тұрақтандырады, көзге жанар береді, иммунитетті күшейтеді, қанды сұйылтады.

Суды қайнатуға, ерітуге болады.

Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, тіршіліктің бәрі судың қатысуымен жүреді. Табиғат – бізді қоршаған орта, оның құрамына суда кіреді. Суды үнемі пайдалану, қорғау әрбір адамзаттың борышы.

2. Судың қасиеттері, қолданылуы

Судың қасиеттерін білу де маңызды.

Су көлемін сақтайды да, пішінін сақтамайды.

Судың аққыштық та қасиеті бар.

Суды қолдану. Бұл процесті ойлағанда алдымен су құбыры еске түседі. Себебі, оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді.

Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Ең алғашқы қарапайым қондырғы бірнеше мың жыл бұрын салынған.

1933 жылы алғаш Адматыда ағаштан салынған су құбыры салынды.

Біздің ауылда «Теміржол су Маңғыстау» су қоймасы бар. [қосымша 1]

Су қоймасында су қондырғылары орналасқан. Тұрбалар арқылы тұрғындарға тартылған. [қосымша 2]

Ауылға су «Волгадан» келіп тарайды. Су құбырының құрылысы төмендегідей:

1 – су жинағыш;

2 – сорғылар;

3 – тұндырғыш;

4 – сүзгі;

5 – су құбыры;

6 – резервуар (таза су жиналатын ыдыс) [қосымша 3,4,5]

Суды осындай құрылысты су құбыры, су қондырғылары арқылы таратып, пайдаланады. Су береке – су ырыс.

Су – адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттіліктен басқа да сұраныстарға ие екендігі мәлім.

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиеттерін зерттеген. Суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстінгі қабатын төгу керек, себебі ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.

Судың адамзат біле бермейтін сан алуан қасиеттері бар.

Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Су – дене температурасын реттейді, ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.

Судың қасиеттерін біле отырып, дұрыс қолдану керек.

3. Судың ластануы

Судың ластануы қазіргі кезде көбейіп барады. Адамдар суды өнеркәсіп

қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда.

Еліміздегі су ресурстарына шектеудің болмағандығы экономикалық және экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.

Жер жүзінде тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған судың өмірге қажетті қымбат екендігі мәлім.

Ішуге жарамды сулар жер бетінде азайып бара жатыр.

Кейбір адамдар қоршаған табиғатты танып білуі, оны қорғауы төмен деңгейде, пайдалануды біле тұра қорғауды білмейді.

Лас саудын жұқпалы аурулар тарайтындығын түсіне алмайды.

Елімізде таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз.

Ортаның, судың ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді.

Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері мен іс – әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да ластай алады.

Табиғи апаттар, су тасқындарынан мыңдаған зардап шегіліп жатыр. Себебі дейді ғалымдар: ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы.

Иә, тіршілктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса әлемқұндылығы суды ластамау,ысырып етпеу бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.

Табиғатта мінсіз таза су жоқ. Тіптен зертханалық жағдайдың өзінде де оны бөліп алудың сәті түспеген.ресей ғалымдары тек диаметрі d= 2,5 см болатын жоғары таза су бағанын алды. Нәтижесі таңдай қақтырады. Мұндағы молекулаларды ажырату үшін, осы бағанға 900 кг күш қажет екен.

Толғауы тоқсан тіршілікте судың алатын ролі зор. Осы судың ластануына жол бермеу, таза суды көздің қарасындай сақтау әрбір адамның міндеті.

Ластанған суды болдырмау немесе суды сақтап, қастерлеу адамзаттың табиғатты аялаудағы қосқан үлесі.

Күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың ластануына жол бермейік.

4. Минералды және шипалы сулар

Тірі өлі табиғатта жүретін түрлі процестермен құбылыстардың адам тіршілігінде жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор.

Мұздарды, бетпақтарды қоса есептегенде жербетінің 77,5 % – ын су алып жатыр.

Мұхиттар

Теңіз

Су қорларына Өзен

Көл

Жерасты сулары

жатады.

Табиғи сулардың ішуге жарамды және жарамсыз түрлері бар.

«Сарыағаш» газдалған суы ішуге арналға, жарамды.

Есет елді мекенінде «Қыз әулие» суы ащы ішуге болмайды.

Жазда, шілде айында «Қыз әулие» суына бардым. Суы өте ыстық, суы ащы, ішуге жарамайды. Емдік қасиеті жоғары.

Сонымен қатар Ақтау қаласындағы Теңізде болдым. Суы ащы. Тұрғындарға тұщыттырылып беріледі. Оралда Жайықта болдым, су денеге пайдалы екен. [қосымша 6,7]

Республикамызда су тұщытқыш стансасы өзіміздің Ақтау қаласында ғана бар.

Шипалы сулар Қазақстан елінде көп. Су қоры – халық байлығы. Өкінішке орай жер бетінде тұщы су қоры өте аз. «Сулы жер – нулы жер» дегендей суды ішіп жаратып қан қоймай, оның емдік қасиеттерін білген жөн.

Су туралы мақал – мәтелдер:

Таулы жер – бұлақсыз болмас,

Сулы жер – құрақсыз болмас.

Сусыз өмір – тұзсыз ас,

Су – ырыстың көзі.

т.б.

Судың шипалы қасиеттерін біліп, оны адамзат керегіне пайдалану керек.

Судың емдік қасиеттері жайлы жиі айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емдеудің әдіс – тәсілдері көп. Ағзаға енген су, қанға сіңеді және тазалық ақпаратын жеткізеді.

Адам денесінің 70% - ы судан тұрады.

Су иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.

Судың шипалы қасиеттерін жиі естиміз.

Мысалы: шипалы емдік қасиетке ие су жақсы нәтиже береді.

Қазақстанда судың қасиетін зерттейтін зертханалар бар. Кәсіби мамандар судың ерекше қасиеттеріне көз жеткізіп, шипалы суларды анықтады.

5. Суды қорғау шаралары

Жалпы табиғатты қорғау дегеніміз ауаны, суды ластамау, өзен – көл суларын бүлдірмеу, қорғап, қамқорлау.

Судың адам өміріндегі маңызын біле отырып, оны үнемдеуге, қорғауға, қажетіне орай пайдалануға болатындығы баршаға мәлім.

Экологиялық апаттан, адамдардың өз қолымен жасалып жатқан зиянкестіктен ластанып бара жатқан суды қорғау адамзат парызы.

Еліміздің Заңында «Әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» делінген.

Су көздерінің тазалығын сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған мынадай техникалық, санитарлық шараларды іске асыру қажет деп ойлайды.

  • Су пайдалану жүйелерінің маңызын арттыру.
  • Су тартқыш стансаларда су өңдеу технологиясын жаңарту.
  • Суды жер астынан көтеру.
  • Тасып жеткізу.
  • Пайдаланудан соң ағызуды дамыту.
  • Ауыз суды үнемдеуге ықпал ету.

22 наурыз – Дүниежүзілік су қорлары күні.

Суды қорғау – барша елдің, азаматтардың міндеттері, барша парызы.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік тәмам бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін. – дегендей әркез суды ұқыпты пайдаланып, оны қорғауда қолға алайық.

Суды қорғау шаралары жүргізілмеген аймақтарда судың көтерілуі, табиғи апаттардың болуы, үлкен алапат дауылдардың тұруынан соңғы 30 – 35 жылда 4 миллион адам өлді, қаншама адам зардап шекті.

Бұндай табиғаттың «ашуын» ғалымдар ортадағы суды ластаған, қадірін білмегендерге, адамнан көрген зорлық – зомбылақтарына судың «мінез» көрсетуі болар деп болжам жасайды.

Бүгінгі таңда су мәселесі әлемдегі ең өзекті, шешімін табуды қажет ететін түйткіл болып отыр.

ІІІ. Қорытынды

Жалпы экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, республика көлемінде табиғи ортаны сауықтыру шаралары іске асырылып жатыр.

Табиғи суларды қорғау, ауыз суларды тұщыту, минералды сулардың көзін көбейту, шипалы сулардың басына шипажай салу мәселелері қолға алынуда.

Қолданылып жатқан экологиялық шаралардың нәтижесінде республика көлемінде судың ластануы байқалып, нәтижесінде экологиялық талаптар орындалуда.

Эколог мамандардың пайымдауынша: лас заттардың таралуынан сулар ластанып, ортаға тарайды.

Лас сулар топыраққа, топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарлар мен адамдарға тарайды. Бұл деген қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Сондықтан айналаны, қоршаған ортаны, табиғатты сақтау, ластанудан қорғау әрбір адамның міндеті.

Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін суды және табиғи суларды, минералды, шипалы суларды қорғап, жақсартуға зор мән береді және де осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады.

Суды, су қорларын сақтау үшін қоғамдық қатынастарды реттеу, суды ластанудан сақтау саласындағы заңдылықты нығайту жатады.

Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңына суды, су қорларын қорғау туралы Ережелер қарастырылған.

Ауыл, қала, өнеркәсіп салаларында су қорларын молайту, оларды ластанудан сақтауда әркім өз үлесін қосса, нұр үстіне нұр.

Суды және су қорларын сақтау күрделі мәселе. Онымен күресу жан – жақты және үлкен материалдық шығын мен көп күшті қажет етеді.

Дегенмен ғылыми – техникалық прогрестің заманауи даму деңгейі адам ағзасы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін, бөлінуін азайтып, ластанудың алдын – алудың шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен жобаның қорытындысына келетін болсам, судың адам өмірі үшін аса қажеттілігін түсіне отырып, оның қасиеттерін, маңызын, түрлерін зерттей келе төмендегідей тұжырым жасадым.

  • Таза су адам өмірінің кепілі екендігіне көз жеткіздім.
  • Су. Судың маңыздылығын, қасиеттерін, қолданылуын оқып меңгердім.
  • Лас суларды болдырмау жолдарын, таза суды пайдаланудың жолдарын үйрендім.
  • Табиғи сулармен, олардың емдік қасиеттерін білумен бірге, оларды қорғауды басты назарда ұстау керектігін білдім.

Келешекте «сусыз өмір жоқ», сондықтан суды үнемдеп жұмсау, пайдалану және табиғи суларды оның ішінде «Қыз әулие» шипалы суының басына жағажай салынса. Көптеген адамдар су басында емделу мен бірге демалып қалар еді.

Ал, қадірлі достарым!

Осы менің жоспарым.

Суды сақтап жүрейік,

Қастерлеп оны күтейік!

деп жобамды аяқтаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Сен білесің бе ?» энциклопедия 1998ж.
  • «Физика және астрономия – 7» 2012ж.

  • «Дүниетану – 4» оқулығы 2011ж.
  • Экология журналы 2013ж.
  • «Экология және валеология» журналы 2009ж.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу