Қас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 13
Жұмбақтар: 6
Өлеңдер: 29
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 1

Көз не істесе де, ол қастың үстінен секірмейді.
Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
Қасыңды түзетемін деп,
Көзіңді шығарып алма.
Қасыңды бүлдіре білсең,
Досыңды күлдіре білесің.
Кішкене қасың болса, үлкен пілдей көр.
Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан танимын.
Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.
Қас боп жүріп,
Дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп,
Қас болғаннан сақтан.
Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қасыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.
Досыңа шапан кигізсең,
Ішік кигізді дейді.
Қасыңа ішік кигізсең
Шапан кигізді дейді.
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?
Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.