Күміс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 42
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1

Күміс күнге қонса,Алтын (өз) аяғымен келер.Бұл мақал негізгі мақсатқа жетуүшін мал мен ақшаны жұмсау қажеттігіннасихаттайды.
©  Түркі халықтары
Көп сөз – күміс, үндемеу – алтынАл сендер, құдайға шүкір, ересек адамсыңдар, көп сөз – күміс, үндемеу – алтын екенін білулерің керек қой, - деген..
Әдемі сөз-күміс, ал жақсы іс - алтын.
Алтын мен күміс жерде құлап жатқан жоқ.
Күміс жақсы, ал Алтын өте жақсы!
Соғылған мысты күміске айналдыру мүмкін емес.
Бірінші күні қонақтар — Алтын, екінші күні — күміс, үшінші күні — мыс.
Арпа, бидай —Ас екен,Алтын, күміс —Тас екен. 
Алтын-күміс жиғандар үй салады.
Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.
Пышағыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.
Оңқай – асықтай,
Күміс – қасықтай.
Күміс тозса — күл,
Жігіт арыса — құл.
Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.
Тауып сөйлесең — күміссің,
Таппай сөйлесең — мыссың.
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
Күміс күнге қонса,
Алтын өз аяғымен келер.
Жайсыз болған жаздан
Жайлы келген қыс артық.
Көріксіз соққан күмістен
Келісті соққан мыс артық.