Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді. Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді.
©  Бауыржан Момышұлы
Опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт.
©  Бауыржан Момышұлы
Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.
©  Бауыржан Момышұлы
Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.
©  Бауыржан Момышұлы
Елін сүйген жауынгер ер болады.
©  Бауыржан Момышұлы
Істі жақсы бастау, жартысын істегенмен бірдей
©  Платон
Ақымақтықтың екі белгісі бар. Бірі - өзіне пайдасы жоқ нәрсені әңгіме қылуға бейім тұрады. Екіншісі - сұрамаған адамға ақыл айтады.
©  Платон
Өз-өзіңді жеңу - жеңістердің жеңісі.
©  Платон
Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ
©  Платон
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз.
©  Платон
Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түс­пек.
©  Платон
Достық - теңдіктен басталады.
©  Платон
Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.
©  Платон
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
©  Платон
Ақылдылар - табады, ақылсыздар жоғалтады.
©  Платон
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі -топастық, екіншісі - жалқаулық.
©  Платон
Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлы.
©  Платон
Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.
©  Платон
Ешкім кездейсоқ жақсы адам болып шыға келмейді.
©  Платон
Әсемдiктiң жолы ауыр.
©  Платон
Менiңше, әрбiр естi адам өзiнен жақсы кiсiнiң қасынан табылуға тырысады.
©  Платон
Мен заңның ешқандай күшi болмайтын және бiреудiң билiгiндегi мемлекеттiң күнi санаулы екенiн айта аламын. Билеушiлер заңның құлы болатын мемлекеттің..
©  Платон
Егер бiреу бiр нәрсенi бiр кезде қалай iстеу керек екенiн еске салса, бiз, әрине онымен келiсемiз.
©  Платон
Ұялту кезiнде айтылғанды түсiну үшiн басқаның саналы ақылы керек…
©  Платон
Басқа адамға да ашулануға мүмкiндiк берiңiз. Егер сiз дауыс көтерсеңiз, оның да дауыс көтеруге құқығы бар.
©  Платон