Леонардо да Винчи

Леонардо да Винчи (итал. Leonardo da Vinci, 15 ақпан 1452 жыл, Винчи қаласының маңы — 2 мамыр 1519 жыл, Амбуаза, Түрен, Франция) — италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» (лат. homo universale) — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі.

Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа I ұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.

Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі — итал. Leonardo di ser Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы