Ата туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 104
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 162
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 23
Құттықтау, тілектер: 35
Баталар: 1
Әңгімелер: 45
Ертегілер: 4
Поэмалар: 3
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 6
Эсселер: 1

Егер атам айтса-мен тағы да бақшаны жыртуға барамын
©  Абдулрашид Садулаев
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.Атадан өнеге алмаған ұл жаман.
©  Қорқыт ата
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
©  Қорқыт ата
Дәулетті ұл – ошақтың қоры,Дәулетсіз ұл – атаның соры.
©  Қорқыт ата
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
©  Қорқыт ата
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
©  Қорқыт ата
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
©  Қорқыт ата
Атаңның ботасын алма,Батасын ал,Бота өліп қалады,Батадан бағың жанады. 
©  Есей би Алдамұратұлы
«Атаңның иықтысы бол; Анаңның сүйіктісі бол. Халқыңа қадірі атқан; Мәртебесі биік кісі бол».
©  Тұтқабай Иманбеков
«Атаның наласыан наласынан сақтасын; Баланың шаласынан сақтасын. Қалыпты білмегеннен сақтасын; Халықты тілдегеннен сақтасын».
©  Тұтқабай Иманбеков
Еңбек – бақыттың атасы
©  Бенджамин Франклин
Бүгінгі Ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану, ҚАЗАҚТАНУ болмақ.
©  Нұрхалық Абдырақын
Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Атадан алтау тудым деп — асқынып жауап айтпаңыз,Атамның малы көп-ті деп — атты басқа тартпаңыз. 
©  Асан қайғы
Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Бір бала бар — атасына жете туады,Бір бала бар — атасынан өте туады,Бір бала бар — көтінен кері кете туады. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Атадан ұл туса игі,Ата жолын қуса игі.Өзіне келер ұятын,Өзі біліп тұрса игі.Жаудан бұққан немені,Ортасына қуса игі! 
©  Төле би
Атасынан ақыл алса, тентек ұлда жөнделер. 
©  Махмұд Қашқари
Атаның ұлы - атасына тартып туар. 
©  Махмұд Қашқари
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
©  Сырым Датұлы
Атаның орны балаға қалады.
©  Жүсіп Баласағұни