Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?



ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктерге екі күн ішінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындардың бүлінген немесе жоғалған бірінші қажеттіліктегі мүліктерін өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды.


Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мүліктің тізіміне мыналар кіреді:

  • азық-түлікті сақтауға және дайындауға арналған заттар;
  • тамақтануға арналған жиһаз заттары;
  • ұйықтауға арналған жиһаз бөліктері;
  • азаматтарды ақпараттандыру құралдары;
  • сумен жабдықтау және жылыту құралдарының заттары.

Бұдан бөлек, Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленбек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу