Желіде кредитке рақымшылық жарияланғаны хабарланды – агенттік жауабы


Әлеуметтік желіде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша "кредиттік рақымшылық" жарияланғаны туралы хабар тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. 

Агенттік желідегі ақпараттың дәйексіз екенін хабарлап, 2015 жылдан бастап ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асып жатқанын жеткізді. Бұл көмек 2007-2008 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан, сондай-ақ ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен барынша зардап шеккен ипотекалық қарыз алушылардың жеке санатына көрсетіліп жатыр.

Бағдарлама талаптары бойынша қаржылық қолдау 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған, сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін валюталық ипотекалық қарыз алғандарға көрсетіледі.

"Бағдарламада белгіленген қаржылай көмек шаралары жалғыз баспанасы бар қарыз алушылар және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы борышкерлер үшін пайыздық мөлшерлемені 3%-ке дейін төмендетуді көздейді. Қалған валюталық ипотекалық қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлеме 12%-тен аспайды", - деп мәлімдеді агенттік.

Сондай-ақ бағдарлама бойынша сыйақы, өсімпұл, айыппұлдар және комиссиялар бойынша мерзімі өткен берешек есептен шығарылды.

Валюталық ипотекалық қарыздарға қатысты берешекті Ұлттық банктің 2015 жылдың 18 тамызындағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгеге конвертациялау жүргізілді.

Агенттік ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап бағдарламаға қатысатын халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы ипотекалық қарыз алушылар үшін қосымша көмек шаралары іске асырылып жатыр.

"Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде, талдау нәтижелерінен кейін банктер қарыз бойынша берешекті төмендету және 20 000 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен жеңілдік берілген кестелер белгілеу туралы шешім қабылдайды. Қарыз алушылардың бұл санатына қолдау көрсету 2021 жылдың соңына дейін аяқталады", - деп хабарлады қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Алма
    Оқырман Алма 25.12.2021 21:45
    0 + 2 -
    Саламатсызба менің есімім Алма менде жане жолдасымда кридит бар еди меникин болмаса жолдасымдыкин жабсак екен деп.сиздерден сұраймын отиниш.егер жабылады болса.
  2. КАСЫМОВА КУНДЫЗ
    0 + 2 -
    Мен Касымова Кундыз Танбазаровна көп балалы анамын жолдасымның кредитті кешірілсе деп ойлаймын.Басыида уйім жоқ.