Мұғалімдер, дәрігерлер, полиция, әлеуметтік қызметкерлерге пәтер беріледі

Мұғалімдер, дәрігерлер, полиция, әлеуметтік қызметкерлерге пәтер беріледі

Нұр-Сұлтан қаласында кейбір мамандық иелеріне баспана беріледі. Бұл туралы Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасының тікелей эфирінде айтты.

"Жақында еліміздің баспана алуға бағытталған ипотекалық компаниямен келісімшартқа отырдық. Жыл соңына қарай пәтерлерді (сатып алу құқығымен) үлестіре бастаймыз. Бұл бағдарлама арнайы баспанаға мұқтаж мұғалім, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер мен полицейлерді қолдау мақсатында жасалды. Полицейлер біздің тыныштығымыздың қорғаны, ұстаздар баламыздың біліміне жауапты, ал дәрігерлер адам өмірі үшін күні-түні күреседі. Оларға қолдау білдіру керек. 8 мың пәтерден 1 мың пәтер осы санаттағы мамандарға беріледі", – деді қала әкімі.

Еске сала кетейік, «5-10-20» бағдарламасы жақында «Шаңырақ» бағдарламасы деп аталатын болды. Биыл оған 1986-2010 жылдар аралығында тұрғын үй кезегіне тұрған жандар қатыса алады. Бағдарлама 17 тамызда басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі