Мемлекет кейбір мұғалімдердің баспана немесе коммуналдық қызмет ақысын төлейді


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленетінін мәлімдеді.


Министрлік мұғалім жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлейді.


Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалім тапшылығы мен білім беруде үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілген. Олар: Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары.


"Бұл өңірлерге жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Оларға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.


Сондай-ақ ол 2025 жылға қарай елде шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын хабарлады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу