Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі


"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.


Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы оқытушылары қатыса алады. Олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде – 5 жыл, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар маман қатысады.


"Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру", - деп хабарлады министрлік.


Байқау 2 кезеңнен тұрады. Алдымен жоғары оқу орнының ішінде, кейін республикалық деңгейде өтеді.


"Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптау тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы конкурсқа қатысушылардың екінші республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады", - деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.


Республикалық деңгейде құрылған комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдары, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері мен сарапшылар кірді.

дереккөз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Қатира
    Оқырман Қатира 06.11.2021 14:24
    1 + 2 -
    Салеметсіз бе,Көп,көп Рахмет♥♡♡♥