2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады


2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.



«Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында педагогтердің еңбек жағдайы жақсартылуда. Педагогтерге тән емес функцияларды және көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Педагогтер бүгінде тек 2 құжат толтыруы керек: электрондық журнал және оқу жоспары. Сонымен қатар барлық облыста педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашамыз. 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады», - деді ол.


Министрдің пайымынша, осының барлығы мектептерді кадрлармен толық жабдықтауға мүмкіндік береді.


«Тағы бір маңызды мәселе, педагогтерді жұмысқа қабылдау енді конкурс арқылы, нақты біліктілік көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі және электрондық форматқа ауыстырылады. Оған қоса 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін енді үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндетті енгізіледі. Сонымен қатар біз педкадрларды даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейттік»,- деді Асхат Аймағамбетов.


Оның айтуынша, педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті баллы 50-ден 75 балға дейін көтерілді. Ал, осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтерге стипендия мөлшері 42 мың теңгеге дейін артты. Яғни олар ең үлкен стипендияны алып отыр.


«Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы. Осының бәрі оң нәтиже беруде. Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің қатары екі есеге жуық ұлғаюда, ал осы мамандыққа түскендердің орташа балы 60 балдан 90 балға дейін жеткен. Бұл мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз ету бойынша жақсы көрсеткіш. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыратыны сөзсіз. Осы реформаның оң нәтижесі қазірдің өзінде анық көрінеді деп толығымен айтуға болады», - деді министр.


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Ұстаздардың жалақысы 2016 жылы 43-66 пайызға дейін өседі
» Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді
» Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады
» Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға ұзарды
» Аймағамбетов: Мектеп мұғалімдерінің еңбекақысы өсті
» Қазақстандағы ең көп жалақы алатын мамандықтар
» Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 1
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы