Ел ағасы - Елбасы , Елордасы – Астана

Тәуелсіздік туын қолға алғаннан бері туған еліміз, қазақ халқы  алыптың адымымен бұрынғы өткен бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған армандарын, яғни «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманын орнатуды жүзеге асырып келеді. Соның айқын дәлелі, айшықты бедері - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың....

Шығармалар
Толық

Қазақстан туралы суреттер. Қазақстан суреттері

Құрметті сайт оқырмандары, осы мақалада Қазақстан туралы суреттерін ұсынамыз! Ту, Ақорда, Ата заң, елтаңба, патриоттық және астанамыз бейнеленген суреттерді тамашалаңыз. Ұнап жатса достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!

Суреттер
Толық

Астана туралы эссе

Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды.

Эсселер
Толық

Алматы - Оңтүстік Астана

Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары көп, сәнді қала. 1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республикамыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Мәтіндер
Толық

Астана

 Нұрын төккен күн,

Шаттық, күлкі - үн

Тербейді сал желі...

Жарасқан бірлігі,

Әлемнің кіндігі,

Жайқалған....

Тақпақтар
Толық

Астана -бас қала

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Ол – бұрынғы Ақмола қаласы. Қала 1824 жылы салынған. ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Қала экономикасының негізі – сау- 46 да, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі, негізінен, құрылыс заттарын, азықтүлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді. Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады.

Мәтіндер
Толық