👈 қаріп өлшемі 👉

Ас туралы Нақыл сөздер ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 365
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 21
Баталар: 4
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 1

Аузыңа кірген асқа назар сал. Қаның бұзылса біткенің. Өзіңе ие бола алмай қаласың.
—  Нұрхалық Абдырақын
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,Жетесіз туған..
—  Шал Құлекеұлы
Асқа ең жақсы дәмдеуіш - аш қарын.
—  Сократ
Астың тұздығы — аштық.
—  Сократ
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
—  Қорқыт ата
Oйлау — ақыл-oй жұмысы, қиялшылдық — oның тәтті құмарлығы. Ақыл-oйды қиялға айырбастау ас oрнына у ішу дeгeн сөз. 
—  Виктор Гюго
Ең қиын шаруаны таңғы асқа дейін тындырамын. Төсектен тұрамын. 
—  Фаина Раневская
Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін..
—  Қазақтың би-шешендері
Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же.
 
—  Саиф Сараи
Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
 
—  Саиф Сараи
Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек. 
—  Ахмет Байтұрсынұлы
Қазан көп қайнаса - ас бұзылады. 
—  Құтып
Қайыры жоқ ас сақтап, дәмді харам шайнама.
—  Шортанбай Қанайұлы
Арам табақтан адал ас өтпейді.
—  Жанақ Сағындықұлы
Есті кісі ерегеспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.
—  Кенен Әзірбаев
Тоқ адам асты таңдап ішеді,
Аш адам тамағынан өткенді ішеді.
—  Жүсіп Баласағұни

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы