Шәкірт туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 55
Нақыл сөздер: 19
Құттықтау, тілектер: 13
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Эсселер: 4

Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Бір ұста шәкіртіне: « Жұрт жақсы біле бермейтін қымбат бағалы асыл тасты базарға апарып сатып кел»,- дейді. Шәкірт базарда жүрген қара нөпір..
©  Нұрхалық Абдырақын
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. 
©  Константин Ушинский
Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады. 
©  Константин Ушинский
Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды. 
©  Әбіш Кекілбаев
Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды. 
©  Әбіш Кекілбаев
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас. 
©  Бойешес
Мұғалім, егер ол адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.
 
©  Максим Горький
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім 
©  Ғабит Мүсірепов
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті..
©  Әл-Фараби
Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл.
©  Абай Құнанбаев
Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңқа бөленуге тиіс.
©  Элберт Хаббард
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
©  Дмитрий Менделеев
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.
©  Дмитрий Менделеев
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
©  Серке Қожамқұлов
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ...
©  Цицерон
Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.
©  Леонардо да Винчи
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
©  Лев Толстой
Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған..
©  Лев Толстой