Шүкір туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 5
Өлеңдер: 21
Нақыл сөздер: 9
Шығармалар: 1
Алланың сансыз нығметіне шүкір, Бүгінгі таңым үшін, қолдағы барым үшін, Аяқ қол, ауыз көз, құлақ, берген, сатып ала алмайтын уақыт берген құдайға..
Менің өмірім өте керемет деп шын жүрегіммен қашан айтар екенмін? Аллаға шүкір ол күнге де жетерміз
Ақшасы бар болсада, қашанда кедей, тек аузында «жоқ» деген адамдар бар, ал түгі жоқ болсада «шүкір» деп күн кешетіндер бар.
© Нұрхалық Абдырақын
Бұрынғы үлкендер ауырып соңғы демде жатсада, шүкір, Аллаға шүкір жақсымын дейтін, қазіргілер сап-сау жүріп шүкірі жоқ.
© Нұрхалық Абдырақын
Шүкір ет. Қалауыңның, арманыңның орындалуы өзіңе ғана байланысты. Тілегің орындалмаса да, шүкір ет. Сабыр қыл. Ұмытпа, сабыр қылу - әрекет жасамау..
© Шәмс Тебризи
Кедейлік – жағдайына шүкірлік етіп, ешкімге шағымданбай, қажеттілігін жасыру деген сөз.
© Ибраһим Хаввас