Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ағаш тамырымен,адам досымен мықты.
Еріншек жігіт шалмен тең, зейінсіз жігіт малмен тең.
©  Естеу ЖҮНІС
Білімдіде ашу жоқ, үнсізғана пілдің жүгін көтереді.Білімсізде ашу көп, жынның жүгін көтереді.
©  Естеу ЖҮНІС
Уақыт ұмтылғанның ырысы, бойкүйездің ажалы.
©  Естеу ЖҮНІС
Гүл түймесін жел ашар, жер пердесін ел ашар.
©  Естеу ЖҮНІС
Туысым бар деп мақтанба қайыр-қылары жоқ болса.Жұртына тастап кетеді өзінің қарны тоқ болса.
©  Естеу ЖҮНІС
Балам бар деп мақтанба іштен туып боқ болса.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор табыс----тәжірибе сабақ.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор қайғы---надандық, нәрсіздік.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор байлық-----Білім мен уақыт.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор ләззат---іздену мен жасампаздық.
©  Естеу ЖҮНІС
Білім көпке ортақ, тұлпар кім мініп шапса соныкы.
©  Естеу ЖҮНІС
Жасыңда алған білімің тасқа таңба ойғандай.
©  Естеу ЖҮНІС
Білімдінің бір күн жасағаны, білімсіздің мың күн жасағанынан қымбат.
©  Естеу ЖҮНІС
Құстың сұлулығы қанатында, адамның сұлулығы білімінде.
©  Естеу ЖҮНІС
Өзіңнен  қателік өтпей, құдайдан жетпейді.
©  Естеу ЖҮНІС
Еңбегің болмаса жеріңе өкпелеме, қосқан үлесің болмаса еліңе өкпелеме.
©  Естеу ЖҮНІС
Жыламай бала өспейді, өмір мүлде қуанышсыз өтпейді.
©  Естеу ЖҮНІС
Пейілсіз істе қайыр жоқ.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсы қатын құт, жаман қатын жұт.
©  Естеу ЖҮНІС
Қатының ақылды болса---қуанышың басылмас, қатының ақымақ болса қалжыңғада аузың ашылмас.
©  Естеу ЖҮНІС
Өзіңнен шыққан жамандық түбіңе жетеді.
©  Естеу ЖҮНІС
Адамның өзін көргеннен, ниетін білген маңызды.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсының әр күні сүйініш, жаманның әр күні күйініш.
©  Естеу ЖҮНІС
Адамның өзін алғанша пейілін ал, адамның жанын алғанша жүрегін ал.
©  Естеу ЖҮНІС