Мақтану туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 19
Өлеңдер: 30
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Жаңа қазақ мақтанса,Ағылшын тілін білем дер.
©  Ермахан Шайхыұлы
Балам бар деп мақтанба іштен туып боқ болса.
©  Естеу ЖҮНІС
Көзінше мақтанба,Сыртынан даттама.
Малым бар деп мақтанба,Нарым бар деп мақтан,Нарым бар деп мақтанба,Арым бар деп мақтан. 
 Аз жұмыс істеген адам көп мақтанады.
Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.
Бай мақтанса, табылар,
Әрнәрсенің, қоры бар.
Жоқ мақтанса, шабылар,
Маңдайының соры бар.
Балам көп деп мақтанба,
Топқа кірмей жатқанда.
Жаманды мақтансын десең алысқа жібер.
Жаман кісі мақтанса, жақсыны жағасынан алдым дер.
Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.
Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
Біреу қақпанын мақтайды,
Біреу сақпанын мақтайды,
Бірақ қуырдаққа ет таппайды.
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.
Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.
Жаман мақтанса қатынын сабар.