Қуаныш туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 18
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 143
Нақыл сөздер: 37
Туындылар: 3
Әңгімелер: 10

Қуанышы көп болса ақырында аһ ұрар.Бұл мақал шамадан тыс шаттануға болмайды дегенді насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Қайғыны білместен, қуанышты да білмейсің.
Махаббат жоқ жерде қуаныш та жоқ.
Ертерек қуанбаған дұрыс.
Қызғаныш пен көреалмаушылықта пайда да, қуаныш та жоқ.
Егер бүкіл әлем су астында болса, Акула қуанады.
Жыламай бала өспейді, өмір мүлде қуанышсыз өтпейді.
©  Естеу ЖҮНІС
Қуанышта мөлшерді біл, қиындықта-сенімді жоғалтпа
Көңілді жастар қайда, қуаныш сонда.
Тойға, қуанышқа, отбасылық, мерекеге байланысты мақал-мəтел
Тойға барсаң тойып бар,Торқа тоның киіп бар.Тойға барсаң бұрын бар,Бұрын барсаң орын бар.Сұлулық тойда керек,Махаббат күнде керек.Көппен көрген ұлы..
Қуаныш пен күйік-кіндіктес.
Бектің бүгінгі қуанышы ертеңгі табысында.
Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсіред,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.
Әр қасіреттің соңында қуаныш бар.
Қарғаның «қаңқ!» дегені өзіне қуаныш.
Шыдамдылық шын қуаныш келтірер.
Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.
Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.