Ырыс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 69
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1
Шығармалар: 1
Аңыздар: 2

Ырысқа қарап ұл өсер,Қонысқа қарап мал өсер
©  Самет Оқанұлы
Ұрыс ырысты қашырар,Ынтымақ халықты асырар
©  Самет Оқанұлы
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
©  Самет Оқанұлы
Жақсы туса – ел ырысы,Жаңбыр жауса – жер ырысы
©  Самет Оқанұлы
Жақсы ниет – жарым ырыс
©  Самет Оқанұлы
Ерте тұрған еркектің бір ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Уақыт ұмтылғанның ырысы, бойкүйездің ажалы.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсы сөз -жарым ырыс.
Күріш,Күріш суымен ырыс. 
Су бар жерде ырыс бар:Ұстап балық жейсің,Ақ бидай егіп, нанын жейсің. 
Бақыт бесігі — ел,Ырыс есігі — жер. 
Арақ жүрген жерде ұрыс бар,Орақ жүрген жерде ырыс бар.
Ынтымақ жоқ үйде ырыс жоқ.
Жер — ырыстың кіндігі,Еңбек — ырыстың қазығы. 
Су — ырыстың көзі,Еңбек — кірістің көзі. 
Үйдің сәні бұрышы деме-Ырысы де.
Ынтымақ жоқ үйде ырыс жоқ.
- Бақ, қайда барасың?
–     Ынтымаққа барамын.
Ынтымақ деген – үлкен ұғым. Ол бірлік..
©  Гүлтас Құрманбай
Мал азығы — ырыс қызығы. 
Жақсы көрші-жарым ырыс.
Кісі бергенКісіге ырыс болмас. 
Білек жұғысады,
Ырыс ауысады.
Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.
Ырыстымен оттас бол.
Ырысы жоқтың
Тынысы тар.