Трансформер


ОҚО Қазығұрт ауданы

Т.Рысқұлов мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Кабланова Жазира

Жоба

Тақырыбы: Трансформер

Жоспар

Кіріспе бөлім

  • Кіріспе
  • Жобаның мақсаты
  • Жобаның міндеті

Негізгі бөлім

  • Киім туралы жалпы түсінік
  • Киім түсінің әсері және сән түрлері
  • Іс тігуге пайдаланылатын құрал-жабдықтар
  • Өлшем алу рет тәртібі
  • Матаны таңдау
  • Трикотаж – тоқыма мата
  • Трансформер көйлегінің тігілуі
  • Бұйымды құрастыру алгоритмі
  • Технологиялық карта
  • Бұйымның өзіндік құны
  • Техникалық қауіпсіздік ережесі

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғыни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам деке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу – қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.

Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан керекті үлгідегі киімдермен танысу керек. Киім түр жиынтығы бірнеше топтамадан тұрады. Ол матаға, киетін адамның жас мөлшеріне және киім қандай орынға арналғанына байланысты. Негізгі киімдер күнделікті, үйге киетін және сән-салтанатқа киетін болып бөлінеді.

Киім құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек. Белдемше түрі тігістің көлденең немесе ұзын бойымен жатқан тігіске байланысты өзгереді. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені, түрі-түсі, мата бетінің бедеріне, мата тығыздығына және адамның дене бетіміне байланысты келеді.

Жобаның мақсаты: трансформер көйлегінің тігу және пішу технологиясымен оқушыларды таныстыру. Көйлектің тігілуін оқушыларға меңгерту.

Жобаның міндеті:

  • трансформер көйлегі жайлы мәлімет беру
  • киімді тігуге қажетті құрал жабдықтармен таныстыру
  • Бұйымды құрастыру алгоритмін түзу
  • қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.

 Киім туралы жалпы түсінік.

 Киім адам баласы үшін аса қажетті мәдени-материалдық элемент болып табылады. Киім үлгілері адамның өскен ортасына, техникамен экономиканың дамуына, ұлттық мәдениет пен дәстүрге, қоғамдық өндіріске байланысты өзгеріп отырады. Киімдер екі класқа бөлінеді:

  • Тұрмыстық
  • Өндірістік

 Тұрмыстық киімдерге күнделікті үйге киетін, жұмыстық, спорттық, мейрамдық, меймандық киімдер жатады. Өндірістік киімге санитарлық, формалық, жұмыс орнына арналған киімдер жатады. Санитарлық киімдер медицинада қолданылады. Формалық киімдерге милиция, әскер, жол жөндеу, т.б.сала мамандарына арналған киімдер жатады.

 Киімдер жаздық, қыстық, маусымдық және барлық мерзімде киіс беретін киімдер болып та бөлінеді. Киімдер өлшемі ретінде ұзындығы мен ені алынады, ал ұзындығын адамның бойымен алынады. Ені жағынан әйелдерге кеуде өлшемі, ерлерге мойын өлшемі алынады.

 Қазіргі біздің елімізде киім тігіп шығару жылдан-жылға дамып келеді. Бұл орайда, киім үлгісін жасау өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Үлгі жасаушылардың мақсаты – ыңғайлы, жарасымды, сәнді және гигиеналық талаптарға сай киімдердің сан-алуан үлгілерін жасау. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың көпшілігі сәннен орын алған біршама үлгілерді пайдаланады. Мысалы, 60-жылдары кең өріс алып, жастар үлгісіне айналған қысқа, тар етекті белдемшелер, қазір де сәннің биік сатысынан көрінеді. Оны орнықты кию тазалықты, көріктілікті, әдемілікті талап етеді.

 Киім түсінің әсері және сән түрлері.

 Адам көзімен қандай да бір затқа сырттай қарағанда сол заттың негізгі бейнесін әр уақытта көре алмайды. Көздің мұндай кемшілігін киімді модельдеу барысында қолдану өте тиімді. Құрастырушы өз жұмысының барысында түстер арқылы көз бояушылық жасай алады. Тұлға сымбаты мен бет әлпеттің сұлулығы барлық адамда бола бермейді. Модельді көркемдеп жобалау барысында адамдардың тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей, әдемі етіп көрсету негізгі міндет саналады.

 Түстер ерекшелігі. Киімді модельдеу барысында түстердің қасиеті және көзбояушылық әсері көп қолданылады. Бір түстің өзі әр түрлі түстердің фонында әр қалай көрінуі мүмкін. Мысалы: сұр түсті шаршы қара түстің фонында ақ фондағыдан гөрі ақшыл болып көрінеді. Күңгірт фонда ақ түсті заттар ақшыл болып қана көрінбей, сонымен қатар жарық болып көрінеді. Сол сияқты қара заттар ақ фонда қап-қара болып, жарық басым көрінеді. Сұр түсті шаршы қызыл фонда жасыл-сұр болып көрінеді. Бұл мысалды көріп отырғанымыздай сұр түс фонның түсіне қосымша түске енеді.

 Жеңіл және ауыр түстер. Барлық күңгірт түстер “ауыр” ал ақшыл түстер “жеңіл” деп аталады. Егер де ауыр түсті жеңіл түстің үстіне орналастырса оны байқауға болады. Жылы түстер – бастаушы, суық түстер – шегіншек түстер деп аталады. Түстер заттың формасын көлемін өзгерте алатын болғандықтан, үлкен және толық адамдарға көзге кішірейтіп көрсететін түстерден тігілетін киімдерді кигені дұрыс.

 Іс тігуге пайдаланылатын құрал-жабдықтар.

 Ине. Ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болған жоқ. Олар киімді жануарлардың терісінен жасады. Аң терісін тігу үшін жануарлардың немесе балықтың сүйегін қыздырып, біз ретінде пайдаланған. Кейін біздің ұшын бұрғылап тесіп, көз жасады. Осындай бізден алғаш инелер енді. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс инелер пайда болды. Бұдан 600жыл бұрын инелер болаттан жасала бастады. Инелер негізінен қол инесі және іс машинасының инесі болып екіге бөлінеді. Қол инесінің (диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, 12 нөмірі бар) тері, қайсы тігетін үш нөмірі, желкен және қалың маталарды тігетін екі нөмірі, торлайтын үш нөмірі, кесте тігетін 0-2 нөмірлері болады. Іс машинасының инелерін тек жуандығына қарап ажыратады, сондықтан нөмірлері әртүрлі болады. Іс тігетін ине түзу, сырты жылтыр, ұшы үшкір болып келеді. Іс тігер алдында инені ақшыл шүберекпен сүрткен дұрыс, ал машинаинелерін құрғақ жерде сақтаған жөн. Машина және қол инелеріне жіпті сабақтауды жеңілдету үшін арнайы жіп сабақтағыштар шығарылды. Қол инесі мен іс машинасының инелерін мата түріне сай таңдау қажет. Әмбебап машиналарда кездесетін ине түрлері: қостілікті ине, майысқақ ине, ілгекті ине, қуыс ине.

 

 Жіптер. Ерте кездерде іс тігетін жіпті сол тігілетін бұйымматасының ұзын бойынан ажыратып алған. Сосын жұқа мата болса екі тал ширатып, қалың мата болса үш талшығынан ширатып жіп дайындаған. Бұл жіптің ерекшелігі, берік әрі матамен түстес болған. Қол инені матаның қалың, жұқасына қарап, талғап ұстаған. Пішілген бұйымды көктемей, бірден тіккен. Ретіне қарай жөрмеу тігісі, қайып тігісі, шаша қайып тігісі пайдаланылған. Жарма тігістер де сапалы болған, киім тозғанша жіптер өз сапасын жоғалтпай, жыртылғанша сөгілмеген. Сонымен қатар көркем тігіс түрлерін де көп пайдаланған.

 Қазіргі жіптер сапасы әр түрлі, синтетикалық жіптер төзімді,мықты келеді. Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына жарамды, қол инемен тігуге де келеді, бірақ жібек жіп қоспа тігістерге жарамайды. Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедерлі тігістерінде, түймелік торлағанда өте қолайлы, өйткені жібек жіп өңін сақтайды. Сондықтан сырт киімдерге көбіне жібек жіптерді қолданады. Мысалы, кофта, көйлек, т.б. киімдерде сырт бедерлі түзу тігістерді жібек жіптермен жүргізеді. Тігілетін киімнің өңіне байланысты жай жіптер пайдалануға болады, бірақ кейін тез оңып кетеді. Жасанды жібек жіптер мықты, қолмен үзуге келмейді. Мұндай жіптермен қолшатыр, жасанды трикотаж бұйымдар, жеңіл шатырлар т.б. тігіледі. Бұл жіп сапалы жіп, бірақ дымқылданса қатқылдығын жояды, сапасы төмендейді.

 Мақта жіптердің сапасы төмен. Бұл жіп қол тігісі және машина тігістеріне жарамсыз, тез үзілгіш, түсі оңғыш. Бұл жіптің №10,20,30,40,50 түрлері бар.

 Сантиметрлік таспа. Сантиметрлік таспа дециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік бөліктерден тұрады. Сонымен қатар, көп ұсталынған жағдайда бұл өлше таспасы ескіріп, созылып кететіндіктен, таспаны өлшеу алдында жаңа таспамен тексерген жөн немесе мүмкіндік болса жаңа таспа пайдаланған дұрыс.

 Қайшылар. Қайшы – киім пішуге, бөліктерді қиюға, жіпті кесуге арналған құрал. Қайшылар үлкен қайшы, орта қайшы, мата шетін өрнектеп кесетін қайшы, кіші қайшы, жіп қиятын қайшы, ұшы имек келген торлау жұмыстарына пайдаланатын қайшы деп бірнеше түрге бөлінеді. Сонымен қоса қайшылардың 8 нөмірі бар. Төменде қайшылардың нөмірлері мен жұмыс орындау жолдары берілген.

 Киім тігудегі құралджардың бір түрі – түйреуіш. Түйреуіш матаның жылжып кетпеуі үшін қолданылатын құрал. Түйреуіш жуан немесе жіңішке болады., ұзындығы 3-4см болуы қажет.

 Бор. Киім пішуге, сызуға, белгілеуге қажетті заттардың бірі, түсті, түссіз болуы мүмкін. Бор сопақша келген, ұшталған, жіңішке, әдемі сызбалар жүргізуге арналған. Кей жағдайда бор орнына кептірілген сабын қалдығын пайдалануға болады.

 Сызғыш. Бұрышты, доғал, т.б. формада болады. Киім сызбаларын түсіруге арналған құралдардың бірі.

 Тігін машиналарының түрлері. Тұрмыста қолданылатын тігін машинасының үш түрі бар: қол тігіс машинасы, аяқ машинасы және электр машинасы. Тігін машинасының алғашқы нұсқасы 15ғасырда ұсынылған болатын, бірақ 1844-1845жылдары американдық Элиос Хоу бұрынғы нұсқаларға сүйене отырып жаңа тігін машинасын жасап шығарды. Сондықтан Элиос Хоуды “тігін машинасының әкесі” деп те атайды. Кейінен бұл машиналар күрделене берді. 1850жылдары американдық Ален Уилсон мен Исаак Зингердің құрастыруымен қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді. Сөйтіп, 1870жылдан бастап АҚШ-та Зингер фирмасы кеңінен етек жайды. 1900жылы Ресейдегі Тула және Подольск қаласында “Зингер” зауыты ашылды.

 Тігін машинасы негізінен екі түрге бөлінеді: шағын жүйелі машина және көп жүйелі машина. Көп жүйелі машина түріне сәндік тігістер түсіретін, қос инелі, түйме қадайтын, баулық торлайтын, иректеп, көркемдеп, мата шетін торлайтын машиналар жатады. Шағын жүйелі машиналар қос инелі болмайды, түзу бір тігісті, иабан бастырғышын алып, кергішке керу арқылы кесте тігуге болады.

 Өлшем алу рет-тәртібі. Жалпы өлшем алу рет-тәртібі мынадай болып келеді: мойын ойындысының айналымы, кеуде ені, бел айналымы, мықын айналымы және белге дейінгі артқы бой ұзындығы.

 Қалған ұзындықтар тігілетін киімге байланысты болады. Бұйым өлшемдері негізгі үш санмен белгіленеді. Мысалы: 170-88-96, біріншісі – бой ұзындығы, екіншісі – кеуде ені және үшіншісі – мықын айналымы, ал балалар киімінің өлшемі алғашқы екі санмен белгіленеді. Суретте алдыңғы бой мен артқы бойдың адам денесінен өлшем алу әдісі көрсетілген:

  • Мойын айналымы
  • Кеуде айналымы
  • Бел айналымы
  • Мықын айналымы

 Сонымен бірге төмендегі кестені пайдалана отырып, киімді үлкейтіп, кішірейтуге болады.

 

 

 Матаны таңдау. Қазіргі уақытта шығарылатын маталардың түрлері өте көп, түстері сан алуан. Мұның өзі матаны қалауынша таңдап алуға мүмкіндік береді. Бірақ матаны дұрыс, жарасымына сай таңдап ала білу үшін, оның атауын, қолданылуын, қасиетін т.б. білу қажет.

 Маталар бір түсті боялған, бетіндегі өрнегі айшықталып немесе мәнерленіп боялған, түрлі-түсті жіптен, жүннен тоқылған, боялмаған, сұр, ақшыл және ақ болып бөлінеді.

 Бір түсті боялған маталар ақшыл және күңгірт түсті болып бөлінеді. Жиірек кездесетін ақшыл түстерге жататындары: ақ, ақшы сары, қою сары, қызғылт, сарғылт, қызғылт-сарғыш, ашық-көгілдір, ашық жасыл, күлгін, ақ-сұр, сұр, бозғылт.

 Айшықталып немесе мәнерленіп боялған маталар өрнектеріне қарай әр түрлі болады да, пішуге оңай, тиімді және қиын немесе пішуге тиімсіз делініп бөлінеді. Айшықталып немесе мәнерленіп боялған маталардың түрлерін бірнеше топқа бөлуге болады:

 А) балық көз мата - өрнегі өте тығыз орналасқан мата. Ол өте оңай пішіледі;

 Б) жолақ мата - жолақ түсірілген мата. Ол пішу барысында мұқият көңіл бөлуді және киімнің жеке бөліктерін қосып тіккенде, жолағын дұрыс орналастыруды қажет етеді;

 В) тор көз мата - өрнегін ұқыпты қиылыстыруды қажет етеді;

 Г) мильфлер көп түсті гүлді мата – өрнегі пішуге оңай келеді;

 Д) шенэ тізбек өрнекті мата – өрнегі тура, көлденең немесе ұзынша келеді. Оңай пішіледі;

 Е) пико айқын өрнекті мата – бір түске тегіс боялған, матаның үстіне әр жерден ноқат түсірілген. Оңай пішіледі;

 Ж) ірі қызғылт өрнекті мата – матаның бетіне қызғылт түсті ірі өрнектер немесе қызғылт түсті матаның бетіне ірі өрнектер түскен. Оңай пішіледі.

 Трикотаж (фрtricotage) – тоқыма мата. Трикотаж дегеніміз – тоқыма өнімдер, тоқылған және өрілген жіптен жасалған. Біздің киім шкафмыздан трикотаж киімдер ерекше орын алады. Трикотаждың ерекшелігі мынада мата тоқылып жасалады. Матаның төзімділігі тоқыма жіптің сапасына, тоқылуына, тоқыманың тығыздығына байланысты. Трикотаж майысқақ, жуғанға шыдамды және өзгермейді. Трикотаж өнімдерін және маталарын таңдағанда оның созылғыштығына көңіл аудару керек.  Трикотаж матасы әртүрлі жіптерден тоқылады. Трикотаж мынадай болуы мүмкін: жүннен, мақтадан, синтетикадан және басқа.

  • Мақта трикотаж – жұмсақ және мықты.
  • Жүн трикотаж – жұмсақтау мақтаға қарағанда өз қалпын сақтайды.
  • Синтетика трикотаж – машинада жақсы жуылады, өзгермейді, ылғалды сормайды сондықтан тез құрғайды.

 Мата шикізатының түрлері – табиғи және жасанды. Трикотаж ең ыңғайлы материалдың түрі. Киімді трикотаждан текке тікпейді, ол төзімді әрі жан-жақты. Дүкендерде жылдың барлық уақытында трикотаж маталарға ұсыныс жасалады. Замандық технологиялар матаны өңдегенде қосылған арнайы қоспалар матаның бастапқы қалпын сақтауға әсер етеді. Трикотаж киімдерін таңдағанда оның ыңғайлылығы, бағасы, материалының төзімділігіне және көпуақыт шыдайтындығына баса назар аудару қажет.

 Бүгінгі күннің сән тенденциясы өзіне ашық түсті таңдады. Сондықтан жеңіл трикотажды туникалар, кардигандар және ақ футболкалар қызыл суреттермен жазғы кездің болашақ хиттері. Жұқа және нәзік трикотаж жазда теріні ыстық жазғы күннен қорғайды. Тығыз, жүннен тоқылған трикотаж жылдың суық кездерінде жауратпайды.

 Трансформер көйлегі жеңіл және ыңғайлы. Көйлекті дүкеннен алуға, тапсырыспен тігуге немесе өз қолыңмен тігуге болады. Бұл көйлектерндің бір ерекшелігі оны пішу жеңіл. Бұл нұсқа өзіңе ыңғайлы нұсқаны таңдауға көмек береді. Трансформер көйлек “Work to Flirt dress”.

 

 Трансформер көйлегінің тігілуі.

 1 қадам.

 Материалды таңдау керек. Киім үшін екі жақты трикотаж матасы қолданылады. Мысалы: бифлекс. Бізге қажетті матаның кесіндісінің ені 150см болуы қажет. Бойының ұзындығын төменде есптейміз.

 2 қадам.

 Қажетті өлшемін және тігу формасын аламыз.

 Өлшем А: кеуде өлшемін алу.

 Бел ұзындығы анықталады таңдалған көйлектің құрлымына қарай мықыннан түсуі немесе кеуденің астында болуы мүмкін. Тігетін матаның өлшемін бірден аламыз. Себебі көйлек кигенде кеудені қыспауы қажет немесе төмен түспеуі керек.

 Өлшем Б: бел өлшемінің биіктігі шамамен 15см болады. Өлшем барынша жалпақ болу себебі кейбір жағдайда бірнеше рет оралуы мүмкін.

 Өлшем В: белден тізеге дейін, тізеден тобыққа дейін өлшенеді.

 Бұл жағдайда көйлектің формасы тізеге дейін болуы да мүмкін. Егер ұзындығын көйлектің формасына қарай келте етіп бергін келсе-белден төмен қажет еткен ұзындығыңа дейін өлшеу керек. Трансформер көйлегін тігу үшін бізге керек мата кесіндісінің ені 150см және ұзындығы = B+2*Б+A/2+етекке дейін.

 3 қадам.

 Пішу және тігу.

 Көйлек 3 бөліктен тұрады: негізгі бөлім, белдік және байлау. Тігістері торланған және өте нәзік болуы керек.

 Байлау. Осы матадан тігіледі. Өлшеген кесінді матаның жанынан ені 3см-лік екі кесінді кесіп аламыз. Алынған екі кесіндіні біріктіріп тігеміз. Одан ұзындығы шамамен 3м-лік байлау шығады. Алынған байлаудың екі шетін торлаймыз.

 Белдік. Мата бөлігінен биіктігі 2*Б және ұзындығы А кесіндісін кесіп аламыз (торлауды естен шығармаймыз). Биіктігінен тең жартысын қабаттаймыз, шеттерін торлаймыз.

 Негізгі өлім. Матадан байлау мен белдік кесіп алғаннан кейін, тікбұрыш 142см*(В+А/2) қалады. Оны ортасынан ұзына бойы қабаттаймыз. Ұзындығы А/2 – белдіктің жарты ұзындығын үстінен тігеміз. Соңынан кішігірім тамшы тәріздес ойамыз, себебі белдік қатталмай торлану үшін. Матаның жиналған қиындысын кесілген шетінің келте жағынан торлаймыз. Белдіктің тігісінің астынан ұзындығы А/2 көлденең жанынан иілген тесікше қалады. Белдікті тесікшеден шығарып, кейін торлаймыз. Кесіндінің тігілмей қалған жағын, ең соңынан соңғы өлшемін жасағаннан кейін кулиска жасаймыз. Бұл трансформер юбканың ұзындығының соңғы үйлесімді мүмкіншілігі.

 Артығын кесіп, көйлекті келтертуге болады. Кулисканы байлауды сәл енділеу етіп аламыз. Сонда әдемілеп бүрмелеп ұстау жақсы. Байлаудың астынан ені 1,5см, кулисканың ені шамамен 2,5см етіп алуға болады.

 Өз қолымызбен тігілген трансформер көйлегі дайын.

 

 

 

 

 Бұйымды құрастыру алгоритімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Технологиялық карта

 

қ/с

Еңбек операциясының атауы

Еңбек операциясының мазмұны

Құрал-жабдықтар

Суреті

1

Жұмыс орнын даярлау

Жұмыс орнын, матаны даярлау

Қайшы, ине, жіп, сантиметрлік таспа,бор, тігін машинасы

2

Матаны пішуге дайындау

Пішу столына матаның оң беттерін беттестіріп пішуге дайындау

Ине, қайшы, бор

3

Матаны пішу

Алынған өлшем бойынша матаны пішу

Ине, қайшы, бор, сантиметрлік таспа

4

Көктеу

Пішілген матаны қол тігістерімен көктеп шығу

Ине, жіп

5

Машина тігісімен бастыру

Көктелген тігістердің үстінен машина тігісімен бастырып шығу

Тігін машинасы

6

Үтіктеу, безендіру

Дайын болған киімді қол тігістерінен тазалап, үтіктеп, безендіру

Үтік, қайшы, әшекей заттар

 

Бұйымның өзіндік құны

а) Материалдық шығын

Р/с

Атаулары

Өлшем бірлігі

Бағасы

Шығымы

Теңгемен есептегенде

1

Мата

Метр

500тг

80см

400тг

2

1 дана

30тг

1

30тг

Барлығы:

430тг

ә) Негізгі жалақы

1.Нж=(шикізаттың құны х 50%)/100%=(430тг*25%)/100%=107,5тг

2.Қосымша.жал. =(Нж х 10%)/100%=(107,5тг*10%)/100%=10,75тг

3.Аморт = (Нж+Қж) х 2 % /100 =(107,5тг+10,75тг)*2%/100%=2,365тг

4.Цех.жұм. = (Нж + Қж + А) х 8% / 100 % =(107,5тг+10,75тг+2,365тг)*8%/100%=9,65тг

5.Жол. Шығ. = (Нж + Қж) х 4% /100 % = (107,5тг+10,75тг)*4%/100%=4,73тг

6.Барлығы: 134,99тг

б) Бұйымның өзіндік құны

  • Бұйымның құны =шикізат құны + негізгі жалақы = 430тг+134,99тг=564,99тг
  • Рент. = (Бқұн х 5%)/100% = (564,99тг*5%)/100%=28,2495тг
  • Бұйым.ж.құны = Б/қ+Р= 564,99тг+28,2495тг=593,24тг
  • Сатылғанда қойыл.үст.құн.=(Б/қ*20%)/100%=(593,24тг*20%)/100%=118,648тг
  • Бұй.тол.құны = жқ + сат.қ.ү.қ. = Б/қ+сат.қ.ү.қ = 593,24тг+118,65тг = 711,89тг
  • Сат.қ.құн = (Бтол.құн х 20 %) / 100 % = (711,89тг*20%)/100%=142,38тг
  • б.сат.бағ = Бт.қ. + сат.қ.қ = 711,89тг+142,38тг = 854,268тг

 

 

 

 

 

 Техникалық қауіпсіздік ережесі.

 Еңбек жағдайы қауіпсіздігінің негізгі ережелері.

  Қайып тігетін немесе арнаулы машиналарда болмаса электр үтігі және преспен жұмыс істегенде жұмыс істеуші өз ісін білмесе, яки іске немқұрайлы қараса қауіпті жағдайға душар болады; қолды инемен шаншып алу, түйме немесе ине сынығының көзге түсуі, электр үтігімен қолды күйдіріп алу, престің қолды немесе саусақты мыжып қалуы мүмкін. Сондықтан да,

 Тігін машиналарында істегендерге арналған ережені толық білген дұрыс. Тігін машинасында істеу жұмысшыдан мынадай ережелерді қатаң сақтауды талап етеді: қайып тігетін және арнаулы тігін машиналарда жұмыс істеуге жұмыс орнында алғашқы нұсқауды өткен соң ғана кірісуге болады. Жұмыс бастар алдында машинаның жөнді екенін тексеру қажет, ақауы болса лаборантты шақыру қажет. Жұмыс кезінде қолды дұрыс ұстамаудың әсерінен саусақты инемен шаншып алуы мүмкін.

 Кәсіптік үстелдің аяқ басар жерінде резеңке төсеніш бекітілуі қажет. Металл төсеуіште резеңке кілемсіз жұмыс істеуге болмайды. Электр двигателін өлшемей тұрып машинаны тазалауға және майлауға, сондай-ақ машина шкивіне ремень салуға тыйым салынады. Машинаның айналып тұрған бөлігі жанынан қайшы және басқа аспаптарды қоюға тыйым салынады. Жарық беріп тұрған шам шынысын бұрап шығаруға болмайды.

 Электр үтігімен жұмыс істегендерге арналған ереже. Электр үтігімен жұмыс істеу жұмысшыдан мынадай ережелерді орындауды талап етеді: үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін үтік бауын, үтік тұғырын тексеру керек. Электр үтігінің ыстықтығын саусақпен тексермеу керек. Электр үтігін желіге қосқанда және ажыратқанда бауынан тартып шығармай айыр корпусынан қолмен ажырату керек. Үтікпен жұмыс істегенде резеңке төсеніш төселу керек. Жұмыс біткен соң үтіктейтін үстелдің электр тоғымен қоректендірілуін өшіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

 

 Қазіргі біздің елімізде киім тігіп шығару жылдан-жылға дамып келеді. Бұл орайда, киім үлгісін жасау өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Үлгі жасаушылардың мақсаты – ыңғайлы, жарасымды, сәнді және гигиеналық талаптарға сай киімдердің сан-алуан үлгілерін жасау. Қорыта айтқанда трансформер көйлегі жеңіл және ыңғайлы. Көйлекті дүкеннен алуға, тапсырыспен тігуге немесе өз қолыңмен тігуге болады. Бұл көйлектерндің бір ерекшелігі оны пішу жеңіл. Бұл нұсқа өзіңе ыңғайлы нұсқаны таңдауға көмек береді. Трансформер көйлек “Work to Flirt dress”.

  Тігін машиналарында істегендерге арналған ережені толық білген дұрыс. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам деке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу – қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер

 

  • Б.Сатыбалдинова, М.Сәлімбаева «Тігін өндірісінің технологиясы» Астана 2008-«Фолиант» баспасы.
  • А.Асанова, Г.Тастанбекова «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» Астана 2008-«Фолиант» баспасы.
  • Р.И.Егорова, В.П.Монастырная “Іс тіге біл” Алматы “Рауан” баспасы 1993ж.
  • Р.А.Дарменова “Тігін бұйымдарының технологиясы” Алматы 2005ж.
  • С.Қ.Бағжаева “Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы” Алматы 1997ж.
  • Интернет

 

 

 

 

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу