Көру елестері


Алматы облысы Райымбек ауданы .Жаланаш селосы

Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп

10 сынып оқушысы Жұмахан Айгерім

физика сабағынан жазған ғылыми жұмысы

пән мұғалімі Утегенова Сауле Батжанова.

Тақырыбы: Көру елестері.

Кіріспе.

Ежелден-ақ адамдар көзге көрінетін алдамшы дүниелерге қызығып қана қойған жоқ, оларды саналы түрде өз тәжірибелерінде пайдалануға ұмтылып отырды. Кеңістіктің тереңдігі сезілу үшін жазықтықтағы зор денелерді бейнелеуге тырысты.Мыңдаған жылдар бойы көру елестерін белгілі бір кеңістік ұғымын жасау үшін сәулет өнерінде мақсатты түрде пайдаланылып келеді. Мысалы: залдардың биіктігі мен аумағын ұлғайтудың мүмкіндігін көрсету үшін. Көру елестерін бейнелеу және цирк өнерінде тиімді пайдалануда. Сондай-ақ көру елестері кинематография мен телевидениенің негізі болса ,баспа ісі мен әскери істе де қолданылады. Қазіргі адам өмірінде көру нақтылығы үлкен орын алып отыр, әрі ақиқатпен де үндеседі.

Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамығандығына қарамастан адам барлық бағытта да өзінің субъективті бағалауын жалғастыра түсуде. Әрине бүл нақты ғылымдарға қатысты болмаса ештеңе де етпейді , ал өлшеуіш құралдарды керек ететін бағалауларды қажет ететін ғылым салаларында үлкен қателікке ұрындыруы мүмкін.Бұл жалпы "көз мөлшері" деген бағаға қатысты, ел арасында "көз алдайды" деген сөз кең таралған. Өкінішке орай көз әлемдегі нақты құрал емес болғандықтан оған қателесу де тән . Осы қателіктер -оптикалық елестер(оптикалық иллюзиялар) деп аталады. Басқаша айтқанда бұл нақтылықтың қате көрінісі, олардың шығу себептері әр түрлі болатындықтан да оптикалық елестердің де саны өте көп болады. Мен сабақта аса қызығушылық туғызатын осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттім.

Өмірде біздің қабылдауымыз да алдамшы,көп нәрсе алғаш байқағанымыздан әлдеқайда бөлек шығып жатады.Тіпті қарапайым заттардың өзі күтпеген тосын жайттарды жасырып тұрады.

Көргеніміздің бәріне сенуге бола ма? Ешкімнің көрмегенін біреу көре ала ма? Жылжымайтын заттардың қозғалуы мүмкін бе?Оптикалық елестердің түрлері қандай? Міне осы сұрақтардың бәріне жауап табуды көздей отырып, өз зерттеуіме мен төмендегі мақсаттарды алдым.

1. Жобаның мақсаты ; Көру елестерінің неғұрлым танымал түрлері мен олардың табиғатын білу, көзбен қабылдау елесін тәжірибе жүзінде зерттеу.

Оптикалық елесті өз бетінше құруға әрекет ету.

2.Жобаны жүзеге асыру үшін: түрлі ақпарат көздерін зерттеу;

Оптикалық елестердің түрлерін жинақтау;

Виртуалды елестер сайттарын ашу;

Тәжірибе жүзінде адамның оптикалық елестерді қабылдауға қарсылық таныта алуын анықтау

Оптикалық елестің фото суреттерін құру

Негізгі бөлім

1 Көру елестерінің табиғаты

Көру елестері көру жүйесінің ақпаратты өндеуден өткізу үдерісіндегі кейбір шектеулері мен қателіктеріне байланысты болады. Шынында да арнайы ортаны нақты нысандарды қарағанда немесе кейбір ерекше жағдайларда адам нысанның көлемі ,формасы ,түсі, қозғалу сипаты, жарықтану жағдайы т.б. туралы толыққанды бағалау жасай алмауы мүмкін.

"Алдамшы "бейнелер кейде өте сенімді көрінетіні соншалық адам оны өз қалауына сай "түзете" алмайды. Сонымен бірге көру елестеріне қабылдаудың қате жүйелері ғана емес адамдар қолдан жасаған көптеген көру тиімділіктері де жатады.Ал олардың негізінде олардың кемшіліктері емес көру тетіктерінің іргелі қасиеттері алынады .

Ғылыми және көпшілік әдебиеттерде көру елестері жүздеп сипатталған. Олардың кейбіреулерінің себептері ежелден белгілі болса , біразы бүгінге дейін жұмбақ күйінде .Адамның көру аппараты - аса күрделі жүйе. Оған : көз ,жүйке жасушалары ,көру арқылы қабылдауға жауапты ми бөліктері кіреді. Сондықтан елестердің негізгі үш себебі ерекшелене түседі :

* Біздің көздеріміз заттан шығатын жарықты қабылдаған кезде миға жалған ақпарат беріледі.

* ақпараттық белгілердің жүйке арқылы берілу бұзылған кезде тағы да қабылдаудың қателігіне ұрындыратын әрекеттер жүреді;

* Ми көзден келген барлық белгілерді үнемі дұрыс қабылдай бермейді; Оптикалық елестер бірден екі себеп бойынша пайда болады ;

көздің арнаулы жұмысының нәтижесі; белгіні мидың қате қабылдауы.

2 .Оптикалық елестердің кейбір түрлері

Оптикалық елестер құбылысын зерттеу ХІХ ғасырда - ақ басталғанымен , ғалымдар олардың қалай "жұмыс істейтінін" түсіндіре алмай келеді.

Латыншадан аударғанда "елестер – қате адам" дегенді білдіреді. Ерте заманнан-ақ елестердің көру жүйесінің жұмысындағы бұрмалауға байланысты екендігі белгілі болатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы геометриялық фигуралардың көлемі мен формасын бағалаудағы үлкен қателіктерді көрсететін тестік бейнелеулер көптеп жасалды. Мүндай көру елестерінің негізіне нақты нысанның көрінетін бейнесінің қалыптасуына көру аймағында орналасқан нысандардың азды-көпті ықпал етуі алынады. Басқа сөзбен айтқанда нысанның көлемі мен формасы туралы көру жағдайымыз ол бақыланып жатқан контекске байланысты болады. Біздің осы бір көру қасиетіміз бұрыннан да белгілі екені рас, сызықтардың ұзындығын, қисықтығын қабылдауға фигуралардың көлемі мен оның айналасындағы сызықтардың бәрі де ықпал етеді.

Техниканың үздіксіз дамуы жаңа елестердің құрылуына мүмкіндік туғызады .Олардың көбі динамикалық тұрғыда ,яғни жылжымалы және өзгермелі бейнелерді бақылаудан туады,оларды компьютерлік техника көмегімен генерировать етуге болады. Көру елестері олардың негізіне тән сипаттар мен себептерге байланысты алуан түрлі болады.

2.1 Зат көлемін қате қабылдау.

Егер екі түзу сызықтың біреуінің ұштарындағы бұрыштар бір-біріне қарама-қарсы, ал екіншісі бір-біріне қарата сызылған болса екеуінің ұзындығы екі түрлі болып қабылданады .Өзара қосылуға қарай сызылған сызық қысқа, ал бұрыштары қарама-қарсы жатқан сызық ұзын көрінеді. Егер бірдей дөңгелектің айналасындағы дөңгелектердің үлкен-кішілігіне байланысты сол екі дөңгелектің көлемі де әртүрлі көрінуі мүмкін.Әрі олар орналасқан төртбұрыштың да көлемі олардың әр түрлі қабылдануына негіз болады.Алғашқы екі жағдайда сызықтар көлемінің қате қабылдануы олардың жеке - дара емес, біртұтас бүтін нәрсенің бөлшегі ретінде қабылдануына байланысты екені түсінікті.

Елестердің бұл түрлері жалпы заңға сай болады. Ол заң бойынша бүтінді қабылдау оның бөліктерінің (үлкен фигуралар құрамындағы сызықтар үлкен болып көрінеді,немесе керісінше) қабылдануына тән ерекшеліктерге байланысты болады.

Шеңберлерге байланысты елестер контраст заңына орай түсіндіріледі. Көздің көруімен қабылданатын заттардың үлкен кішілігі оның айналасындағы заттарға байланысты болады; ұсақ заттар қоршаған нысан үлкен болып көрінеді,немесе керісінше.

2.2 Заттардың формасының бұзылуы.

Қатар жатқан сызықтарға өзара айқасып жатқан қисық сызықтар фонында қарасақ олар қатар жатқандай (параллель) көрінбейді.

Егер шеңберге қисық сызықтар фонында қараса ,ол да өзінің дұрыс формасын жоғалтады.

Елестердің бұл түрінде түсінік беру үшін фонның айтқан көрінген ерекшеліктері сол фонда жатқан заттардың қабылдануына ықпал етеді деген қабылдау заңына сүйенеміз.

2.3 Геометриялық перспективалар иллюзиясы

Бір-бірінен алыс тұрған бірдей екі зат әртүрлі көлемде көрінеді .Жақын тұрған зат кішілеу, ал алыстағысы үлкендеу көрінеді.

Оптикалық елестің ең жақсы мысалы әрі психолог ,әрі офтальмолог Адельберт Эймс жасаған Эймс бөлмесі болып табылады. Ол үшөлшемді оптикалық иллюзияны тудырады.Осы бөлменің бір бұрышында тұрған адам үлкен, ал екінші бұрышындағы тапал болып көрінеді. Бұның құпиясы - перспектива заңдарының пайдаланылуында. Бөлме едені шаршы болғандықтан Эймс бөлмесі дұрыс тік бұрышты форма сияқты көрінеді,ал шындығында оның бір қабырғасы қисық орналасқан .Бұл елес заттың көлемі емес ,сол заттар орналасқан қашықтықты бағалауға сәйкес бағаланады деген қабылдау заңымен түсіндіріледі.

2.2.4 Вертикальды сызықтардың асыра бағалануы

Бірдей өлшемдегі екі сызықтың вертикальды қараған кезде горизонтальды сызыққа қарағанда үлкен болып қабылданады. Осы елеске сәйкес заттың биіктігі өзінің нақты көлемінен биік көрінеді. Бұл елестің тұрақты әрі заңды екені соншалық оны көптеген тәжірибеде ескеруге тура келеді, мысалы ғимараттың биіктігін есептегенде, баспа әріптерінің белгілі бір көлемін жасағанда т.б 3 және 8 сандарынан біз теңдей бөліктерді көретін себебіміз, шындығында бұл заңдардың жоғарғы бөліктері төменгісіне қарағанда кішілеу болады. Егер керісінше төңкеріп қарасақ, біз олардың жоғарғы және төменгі бөліктерінің тең емес екендігін байқаймыз.

2.2.5 Түсті қабылдау елестер

Жол қызметіндегілердің басылым беттеріндегі есептеріне талдау жасалғанда, апаттардың көбі жол қиылыстарында болады деген тұжырым айтылады. Жол оқиғалары әсіресе іңірде көп орын алады. Кез-келген жол қиылысында бағдаршам тұрады. Кешкі уақытта жарықтың көмескілене түсуіне байланысты негізгі қиындық түс пен жарықтың өзара бөлінуіне түседі.Түс пен жарықты тану жасушалары аса сезімтал келеді.Осы сезімтал жасушалардың бірі жұмыс істеп, қалғандары жұмыс істемей тұрған кезде апат көбейе түседі екен. Түнгі апаттар да жиі болады. Себебі, жүргізуші бағдаршам жарығын кенет көрген кезде ақпараттың көптігінен оны жай ғана қолшам (фонарь) ретінде қабылдап қалады(жарық ақ болып көрінеді). Сондықтан да бағдаршамдар көздің түсті ажыратып алуына мүмкіндік беру үшін арнаулы кідіріс тәртібін іріктейді. Кәдімгі бағдаршам (көлік қозғалысы жиі тұстарда ) жасыл түске 50 секунд, сарыға 5 секунд, қызылға 25 секунд уақыт бөледі.Көру ақпаратының қанық көздеріне ұзақ қарасақ, түстік елес (цветовая иллюзия ) пайда болады. Осы себептен де көптеген суретшілер картиналарында күнді ақ түспен бейнелейді. Біздің көру ерекшелігіміз сонда, егер барлық түстердің қанықтығы шегіне жетсе, қабылдау үшін тек қана ақ түс қалады . Көзде түстерді сезіну жасушаларының үш түрі - колбочек болады; біреулердің жоғарғы сезімталдығы - көк түске , кейбіреулердікі - жасылға, үшіншілердікі - қызылға қатысты болады. Әр түрдің қозу деңгейіне байланысты біз түстерді қабылдаймыз.

2.2.6. Жылжымалы иллюзиялар

Егер:

  • Қозғалыстағы теңдей екі допқа қарасақ, олардың көлемі әртүрлі болып көрінеді;
  • Айналып тұрған екі бетке екі бағытта айналуы тіпті теңселгендей қозғалыста болуы мүмкін.

Кейбір елестер түскен ақпаратты өңдеуге байланысты туындайды. Адам кейде әлемді (дүниені) сол тұрған қалпында емес, өзінің көргісі келген (қалыптасқан әдеттеріне, құпия арманына, тілегіне сай ) жағдайда көреді.

Қабылдау қалауына да байланыста болады. Әсіресе аса маңызды оқиғаларға қатысты. Мысалы, адамның бет-әлпеті ерекше қабылданады.Бет-әлпет негативінен адам танылмайды.Егер геометриялық фигуралар көлеңкесінің қалай жатқандығына байланысты бүгіңкі, шығыңқы көрінуі мүмкін, ал адамның бет жүзі үнемі томпақ ,яғни адамның бет- әлпеті аса маңызды болғандықтан да , оны әдеттен тыс жағдайда қабылдау мүмкін емес.Қабылдауға іріктеу жүргізу қабылданатын нәрсеге деген сезімдік қатынас үлкен әсерін тигізеді. Ал сол затқа бейтарап қатынаста болса, ол сол затты не елемейді немесе атүсті ғана сипатта болады, ал қызығушылық туғызса онда сол нәрсе қабылдау нысанына айналады.

Қабылдау үшін адам басынан өткен тәжірибелер маңызды рөл атқарады. Ол адамның қалай қабылдауына да күшті әсер ете алады.

Геометриялық елестер суретшілер, фотографтар, сәнгерлерге үлкен мүмкіндік туғызады. Бұл орайда инженерлер мен математиктерге сызу ісінде аса сақ болғаны жөн.

2.2.7.Суретшілер шығармашылығында кездесетін оптикалық елестер "Ізге түсуші" немесе "бағыттаушы" картиналар. Сурет өнеріндегі белгілі елестер " ізге түсуші " немесе " бағыттаушы " картиналарға қатысты. Суретке қалай қарасаң да оның бет- әлпеті мен саусағы саған қарап тұрады. Мұндай нәрсе плакат өнерінде кең қолданылады. Азамат соғысы мен Ұлы отан соғысы кезіндегі плакаттарға қарасаң, олардың кейіпкерлері көрерменнің көзіне тік қарап тұратынын байқаймыз.

Ал мына (сурет) кішкене дракон саған қарап тұр. Ал сен көзіңді оңға, солға бұрсаң да ол саған көз салып тұрады. Егер оны сөреге қойып, өзің алысқа барып қарасаң, ол сенің ізіңмен жүргендей әсер қалдырады. Неге бұлай? Жауабы – қарапайым. Біз тербеліп, не қозғалып тұрған қатты нысанға қараған кезде күні бұрын оның қозғалысының траекториясын көз алдымызға келтіреміз. Драконның тұмсығы сізге қарап тұрғандай көрінгенмен, анығында оның басы иіліңкіреп тұр. Артынан қарап көріп, оған көз жеткізуге болады.

2.2.8."Жұмбақ" немесе " екіжақты" бейнелер

Адамның қабылдау ерекшелігіне тән сипат-оны ой елегінен өткізу. Адам заттарды не құбылыстарды қабылдай отырып, өзінің алған білімі мен өмірлік тәжірибесінің сәйкестігіне назар аударады. Нысанның кейбір белгілері немесе кейбір бөліктерін таным негізі ретінде қарау қате қабылдауға ұрындырады.Кейде нысанды танымастай етіп өзгерту қажеттігі туындайды. Яғни заттың өзіне тән ерекшеліктері мәнін жоғалтады. Мұндай жағдай заттың біраз бөлігін өзі тұрған орынның түсімен бірдей етіп бояп тастағанда болады: Яғни бояулар өзара жақын түсте болғанда жаңағы зат өз формасын көрсетпей қалады. Заттың үстіне оның формасын өзгертетін (қисық немесе қиғаш, ирек) сызықтар сызылса, симметриялық фигуралар өз қалпын жоғалтып, оның танылуын қиындататын қисық-қыңыр фигураларға айналады.

3. Көзбен қабылдау елестерін зерттеу

Көру жалғандығын тек қана көздің көру кемістігінен деп білу қате түсінік. Оның өзіндік тиімді жақтары да бар екенін ұмытпауға тиіспіз. Егер біздің көздеріміз ештеңеге алданбаса, онда сурет те (живопись) болмас еді де, біз бейнелеу өнерінің әдемі әсерінен құр қалар едік. Ал суретшілер болса көру қабілетінің осы кемшіліктерін кеңінен пайдаланады. XVIII ғасырдың ғұлама ғалымы Эйлер өзінің "Түрлі физикалық материалдар туралы хаттар " деген еңбегінде : " Бейнелеу өнері дәл осы жалғандыққа негізделген. Әйтпегенде біз әр нәрсені өз ақиқатында қабылдайтын едік те, көркемөнер өз орнын таппаған болар еді. Суретші өз өнерін, түстерді араластыруға жұмсар еді,"ал біз: "міне мына тақтада қызыл дақ, мұнда көгілдір, ал мұнда қара, міне бірнеше ақшыл сызықтар, бәрі бір жазықта орналасқан, онда қашықтыққа байланысты өзгешеліктер де байқалмайды, әрі бірде-бір затты бейнелеу де мүмкін болмас еді. Картинада не бейнеленсе де бізге ол қағаздағы жазулар сияқты көрінер еді. Ал біз көркемөнер сыйлайтын пайдалы да көз қуантар жайлылықтан ада болар едік" деп жазған еді.

Сондықтан мен біздің мектеп оқушыларының қатысуымен бір эксперимент өткіздім. Олар көру арқылы қабылдау елесіне берілер ме екен? Мен оларға оптикалық елесті кезекпен көрсете отырып, сұрақтарыма жауап беруін өтіндім;

Алғашқы екі сұрақ Я.Перельманның "Занимательная физика" кітабынан:

1.Мына суреттегі әріптер шын мәнінде бір -бірінің бұрышына орналасқан ба?

2.Қара сызықты бойлай жүріп, дәл ортаға жетуге бола ма?

Ал 3-ші тәжірибе үшін адам қайда барса да оның соңынан еріп жүретін "қаңқа" жасадым. Балалар оның қасынан өтіп бара жатып, оған көздерін қадауы керек те, " қаңқа сендердің арттарыңнан көз сала ма?" деген сұраққа жауап берулері қажет.

Егер 1-сұраққа барлық әріптер түзу тұр деген, 2-сұраққа қара сызықтар бұрама (спираль) емес қоршап тұрған айнала деген, ал 3-сұраққа "Қаңқа" өздеріне көз қадамайды деген жауаптар алсам, онда балалардың көз арқылы қабылдау елесінің болмағаны. Тәжірибеге 10-11 сыныптардың 21 оқушысы қатысты.

1-сұрақты 14 бала қолдады(66 %), ал 7 бала қарсы жауап берді.

2-сұрақты 10 бала қуаттады (48%), 11 бала қостамады.

3-сұрақты 21 бала (100 %) мақұлдады.

Бұдан шығатын қорытынды біреу: адамдар көргенін толық бақылай алмайды, әрі елеске жеңіл түрде беріледі. 3 тәжірибе бойынша оқушылардың 71 % осындай болды.

Нәтижесінде мен өз күшіммен оптикалық елестер фотосуреттерін жасап, байқамақ болдым. Ең әуелі оптикалық елес жеңіл ғана құралатындай көрінеді, шындығында да солай.

Алайда көздің құрылымын ,оның ерекшеліктерін, көздің көру ерекшеліктерін, көздің кейбір көру кезіндегі қоздырғыштарға қалай қарайтынын зерттеуге ғалымдар көп күш пен уақыттарын жұмсады. Бірақ бүгінгі таңда оптикалық елес зерттеу тәсілдерінің бірі ретінде ғана саналып қоймай көрудің жалғандығы, көздің дамуы мен табиғи жаттығуы үшін де пайдалы болады. Ал жуық арадан бері оптикалық елестер өмірде көркемөнер шығармалары – яғни картиналар, иллюзиялар немесе фотосуреттер арқылы өзін айқындаудың креативті тәсілі болып табылады. Оптикалық елес абстрактылы формада арнайы графикке және түстік бояумен беру бәрінен де жеңіл де, көру жалғандығын картина арқылы жасау анағұрлым күрделі.Бұл түсте автордың кәсіпқойлығы үлкен рөл атқаратыны даусыз.Оптикалық жалғандықты жасауға арналған арнайы фото түсіру ең күрделі болып саналады, әрі мұндай фотосурет өнер деп есептеледі. Мұнда да фотографтың шеберлігі мен аппараттың өзі де басты рөл атқарады.Мұндай фотосуреттерді ешкім қайта жөндей алмайды, әрі оның бағасы ғана емес, маңыздылығы да құнды болады.

Оптикалық елесті фотосуреттер қазір өте танымал, бұлар ғылыми жұмыстан гөрі өнерге жататындықтан да арнайы көрмелер ұйымдастырылып жүр.

5.Қорытынды

Бұл жұмыста оптикалық елес тудыратын көру аппаратының ерекшеліктері қарастырылды. Олардың пайдалы болуына кінәлі көздің ғана емес, мидың да ерекшеліктері екені түсінікті.Сондықтан бұл мәселені физиканы ғана пайдаланып, бір жақты зерттеуге болмайды.Жоғарыда айтылған көрудің бұрмалануы біздің бәрімізге де тән нәрсе.Біздің миымызға ақпараттың 90% көз арқылы беріледі. Адам барлық уақытта бірдей көрген жайтты нақты бағалай алмайды. Біздің көзіміз солай негізделген.Көру ерекшеліктерін білу арқылы адам алынған суреттерге талдау жасай алады, көздің қашан алдайтынын, ал бейненің қай уақытта нақты болатынын түсіне алады. Көру жалғандығына байланысты мұндай білімдер адамды кейбір келеңсіздіктерден құтқарып, өмірді жеңілдендіре түседі. Кейбір табиғат құбылыстарын , кейбір нәсселердің (бағдаршам ) құрылысын дұрыс түсінуге көмектеседі. Оптикалық елестердің өмір бойы бізбен бірге жүретінін ұмытуға болмайды. Сондықтан оның түрлерін, шығу себептерін және адамға әсер ету нәтижиесінің мүмкіндіктерін біздің әрқайсысымыз білуіміз қажет.

Мен де өз бетімше оптикалық елестерді жасай аламын.

Алдамшы көріністериллюзия (лат. іllusіo — алдаймын, мазақтаймын, келекелеймін) —

  • түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді.
  • Жалған, орындалмайтын үміт, арман. Алдамшы көріністер дені сау адамдарға да елестеуі мүмкін. Дегенмен бұл көбіне психика жүйесінде соқпалы не созылмалы дерті бар кісілерге тән нәрсе. Алдамшы көріністер, әсіресе шаршау, әлсіреу, қорқыныш, үрей секілді психикалық әсер салдарынан немесе айналадағыларға сенімсіздікпен қараудан көңіл күйінің бұзылуы кезінде жиірек бой көрсетеді. Мыс., орманда келе жатқан секемшіл жолаушыға бәзбір бұта тығылып тұрған жол торушы секілді болып көрінуі мүмкін; жұқпалы аурумен ауырып, қызуы көтеріліп жатқан адамға қабырғадағы дақтар ағаштардың, түрлі аңдардың суреті секілді болып елестейді; басы ауырып, мәңгіріп отырған маскүнемге көшедегі топ кісінің әңгімесі оның өз атына айтылып жатқан балағат сөздер секілді болып естіледі. Алдамшы көріністердің көзге елестеп, құлаққа естілумен бірге денені тітіркендіріп, дәм, иіс сезімі қызметіне әсер ететіні де болады. Алдамшы көріністер жалған елестен (галлюцинациядан) өзіндік шынайы қабылдау объектісі арқылы ерекшеленеді. Психопатология (психикалық ауытқу) құбылысы ретіндегі Алдамшы көріністермен қатар, жұрттың бәрі де бақылай алатын “физикалық Алдамшы көріністер” де болады. Бұл негізінен оптикалық құбылыстарға, яғни көрініс иллюзиясына байланысты. Иллюзия жалған қабылдаулар жайлы жекелеген мысалдарды антикалық дәуір авторларынан (Аристотель, Лукреций т.б.) да кездестіруге болады. Қайта өрлеу дәуірінде де, жаңа кезеңде де “Иллюзия” оптикамен шұғылдану және салыстырмалы қашықтық теорияларын жасау арқылы дәріптелді. Көрініс иллюзиясына байланысты мынадай Алдамшы көріністер кездеседі:
  • Оптикалық-геометриядағы Алдамшы көріністер (екі өлшемді контурлық кескін фрагменттері арасындағы метрлік ара-қатынастардың бұрмалануы);
  • Жарық контрасттары (қарама-қарсылық) феномені (сұр, жолақ, қара фонға қарағанда ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді).

Қимыл-қозғалыста да Алдамшы көріністер көп кездеседі. Олар:

  • автокинетикалық қозғалыс (толық қараңғыда байқалатын, объективті түрде қозғалмайтын жарық көзінің ретсіз орын ауыстыруы);
  • стробоскопиялық қозғалыс (қозғалмайтын екі тітіркендіргішті бірінен соң бірін іле-шала көрсеткенде қозғалыс туғандай әсер болуы); # индукциялық қозғалыс (қоршаған фонға қарай қозғалмайтын объектінің қозғалғандай болып көрінуі). Алдамшы көріністердің оптикалық және физиологиялық себептерін анықтауға көптеген зерттеулер арналған. Алдамшы көріністер сырын дұрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мыс., Алдамшы көріністер туғызу архитектура мен бейнелеу өнерінде, полиграфияда әшекейлеулерде, театр сахналарын безендіруде (психология жайлылық үшін) жиі қолданылады.

 Негізінен иллюзияларды галлюцинациялардан ажырата білу керек. Галлюцинациялардың туындауы сыртқы бейненің қандай да бір мүшесі жетіспегендіктен пайда болады. Көрерменді иллюзиялар өзінің сипаты және өлшемі, мағынасы бойынша әр түрлі болып келеді.

  • Заттардың өлшемдерін дұрыс қабылдамау. Екі тең сызықтар бір жағдайда соңында біріккен, ал екінші жағдайында бұрышымен екі жаққа ажыратылған(а суреті). Екі бірдей дөңгелектер оның айналарын үлкен не кіші дөңгелектер қоршағанына байланысты үлкен не кіші болып көрінеді(б суреті). Екі бірдей АГ және ДГ сызықтары өлшемдері бірдей емес сияқты болып көрінеді, егер де олардың біреуі диагоналі бойынша кіші, ал екіншісі үлкен төртбұрыштың диагоналі.

Иллюзияның бұл түрі жалпы бір заңмен түсіндіріледіғ яғни бүтіндей затты қабылдауы меңгерудің ерекшелігіне сипатталады. Дөңгелекті иллюзия контраст заңы бойынша түсіндіріледі, яғни затты үлкен не кіші зат қоршауына байланысты өлшемінің үлкен не кіші болып көрінуі.

  • Заттардың формасының ығысуы. Егер де параллель сызықтарды өзара қиылысқан сызықтар фонында қарастыратын болса, онда олар параллель емес сызықтар ретінде қабылданатын болады(г-суреті). Егер де дөңгелекті қисық сызықтар фонында қарастыратын болсақ, онда шеңбер өзінің дұрыс формасын жоғалтады.

Иллюзияның бұл түрі өзінің ерекшелігін қабылдау заңында өзінің шешімін табады.

  • Геометриялық перспективаның иллюзиясы. Егер де заттар бір бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан болса, онда біркелкі заттар әр түрлі өлшемде болып көрінеді. Осы кезде жақын орналасқан зат кіші, ал алыс орналасқан зат үлкен болып көрінеді(е-суреті).

 Мұнда қашықтықтың бағалануы бойынша жүргізілген қабылдау заңымен түсіндіріледі.

  • Вертикаль сызықтардың асыра бағалануы. Бір өлшемді сызықтардың горизонтальды орналасқанына қарағанда вертикаль сызықтың орналасуы ұзынырақ болып көрінеді. Осының негізінде заттардың өлшемі өздерінің өлшемдеріне қарағанда үлкен болып көрінеді.

 Иллюзияның бұл түрі тұрақты және заңды болып келеді. Мысалы, сәулет жобаларының өзінде есептеу нәтижесінде көруге болады. Иллюзиялардың мүмкін болатын түсіндірмесі.  Бізге көрініп тұрған объектінің өлшемі тек қана бұрышты өлшем бойынша немесе оның физикалықөлшемі бойынша ғана анықталуы мүмкін. Бұл екі түсінік адам қабылдауының көзқарасына байланысты болады. Бұл заңдылықты басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратып берген Эммерт болып табылады. Әлі күнге дейін нақты дәлелдемелер жоқ.  Мысалға, бізден қашық орналасқан бұлттар кіші болып, ал біздің жоғары жағымызда орналасқан бұлттар үлкен және жақын болып көрінеді. Қашықтық теориясын алғаш Клеомед сипаттап өткен. Көру иллюзиясын ереже бойынша фигуралардың нақты өлшемдерін жақындату үшін қолданған. Иллюзияны киімдерде көп қолданған. Қазіргі уақытта адамның фигурасы өзгеріссіз қалып, тек қана киімдердің көмегімен тек қана көрермен бейнесін өзгертуге тырысқан. Киімді модельдеу үшін көру иллюзиясын қарастырайық:

1. Кеңістік толтырылған иллюзия. Кей жағдайда костюмнің детальдарымен толтыруда кеңістік көп сияқты болып көрінеді. 2. Доғал бұрыштың артық бағалануының иллюзиясы. Доғал бұрыштардың арасындағы ара қашықтық үлкен болып көрінеді. 3. Контраст иллюзиясы. Үлкен заттың жанында кіші зат үлкен болып көрінеді, ал керісіншісінде басқаша. 4. Теңестіру иллюзиясы. Әр түрлі түстегі жіптерді бір түсті матаға орналастыруда бастапқы екі түсті жіптердің өлшемдері әр түрлі болып көрінеді. 5. Ассимиляция иллюзиясы. Егер де сызықтар, өлшемдер, формалар қайталанатын болса, бірігіп кеткендей болады. 6. Үш өлшемді кеңістіктің иллюзиясы. Көру иллюзиясы- көру нәтижесінде қабылдаудың жүйелік қателігі. Көбінесе қабылдау бойынша кеңістікті кең түрде қабылдау үшін қолданылады.

Техниканың дамуына байланысты соңғы он жылдың ішінде топтаудың нәтижесінде иллюзияларды тағы да басқа түрлерге бөліп қарастырады. Геометриялық иллюзия- Мюллер-Лиердің иллюзиясы деп аталады. Ағымды сурет екі бірдей горизонталь бөліктердің әр түрлі ориентациялы қысқа бөліктермен қосылуынан тұрады. Стрелкалы сызықтарды қарастырғандай. Бинокулярлы иллюзияларө ол бинокулярлы көру механизмінің жұмыс істеуімен сәйкес келеді. Мысалы, жұдырықты беттіңнен 30-40см қашықтықта ұстап, сұқ саусағыңды горизонталь түрінде орналастырып екеуін жақындататын болсаң, одан кейін саусақтардан тыс алысқа қарасаң бинокулярлы көру иллюзиясын бақылауға болады. Иллюзорлы трансформация. Кубтың орналасуында оның алдыңғы және соңғы табандарының орын ауыстыруы байқалатындай болады. Динамикалық иллюзия. Егер де адам қозғалатын денеге ұзақ қарайтын болып сол объект кездейсоқ тоқтайтын болса, адамға объект тоқтағаннан кейін кері қарайй айналғандай болып көрінеді. Көбінесе иллюзияға толы суреттерді бір көзбен көргенде ол анығырақ көрінетіндей кейіпте болады. Сонымен қорытындылай келе иллюзиялар дегеніміз сыртқы бейнені ерекше бір көріністе қабылдау, яғни озінің көрінісінен басқаша елестету. Олардың көп түрлілігіне қарамастан қазіргі уақытқа дейін қолданыста жүзеге асырып жүрген кездеседі. Оны баяндаманың басында қарастырып өткендей іс жүзінде тағы да қайталап өтеміз Оптикалық иллюзия — шындыққа жанаспайтын нарсені көзге көрсету арқылы таңданыс тудыру, қысқаша оптикалық көз бояушылық. «Иллюзия» сөзі латын тілінен аударғанда "қателесу, адасу" мағынасын береді. Өзіңіздің көзіңізге қаншалықты сенетініңізді байқап көріңіз: Шексіз баспалдақ — бұл фигураны мәңгі баспалдақ, бітпейтін баспалдақ депте атайды. Бұл ең атақты мүмкін емес классикалық иллюзия қатарына жатады.Мен жолды таптым — бұл иллюзия әуесқой фотограф Робертом Брюс Мюррем III жасаған, ондағы жазу бақылаушыға қарай сенімді түрде жылжиды. Жүзбе жұлдыз — суретшісі Kaia Nao, «Иллюзия года 2012» конкурсына қатысушы. Айналып тұрған жұлдызды бейнелеген сурет.Мүмкін емес піл — суретшісі Роджера Шепард.Ит ұйықтай берсін — суретшісі Игорь Лысенко. Сюрреализм жанрындағы бұл сурет көптеген жұмбақтарға, жасырын бейнелерге толы. Мысал ретінде, автор осы суретке қаздың(гусь) бейнесін жасырған, алайда табу оңай емес.Мүмкін емес куб — Маурица Корнелис Эшердің картинасы. Сурет 3D Max-та моделдеудің таза нәтижесі,«Render» кнопкасын басқан соң алынған, яғни келесіде бұл сурет фотошопта өңделіңбейді.Мысық пен тышқан — екі бейне сериясындағы сурет. Бұл суреттен тышқанды немесе мысықты көруге болады, бірақ екеуін бірдей көру мүмкін емес.

Батыр мен піл — сіріңке қорабындағы сурет. Испания 1870 жыл

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу