Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
Ылдисыз өр болмайды,Қапысын таппас ер болмайды.
Үй менікі демеңіз,Үй сыртында кісі бар.
Тоқ адам тойшыл,Аш адам арманшыл.
Темір сырын отта танытады,Адам сырын сөз балқытады.
Темірді от,Ағашты мөр,Адамды сөз балқытады.
Тауға тау қосылмас,Адамға адам қосылар.
Тат темірді, қайғы адамды кеміреді.
Төрт ұлы бар кісініңАспанға салған жолы бар.
Темір сырын оқта танытады,Адам сырын жоқта танытады.
Тарықпай ер тілеуін бермейді.
Сөздің ақыры – адамның ақылы.
Сәулесі жоқ адамның бәрі соқыр.
Сәлемсіз кіс жоқ.
Ез кісіде намыс жоқ.
Саналы адам сағыңды сыңдырмайды,Санасыз адам жағыңды тыңдырмайды.
Сарман тауда салқын жоқ,Саналы ерде ұйқы жоқ.
Сүйек берген кісімнен көрейін бе,Мүжи алмаған тісімнен көрейін бе?!
Сусыз жерде қамыс жоқ.
Қазақ рулары туралы қызықты мақал-мәтелдер
(Автор: Радик Темиргалиев)Ас бұзылса – тұз түзейді,Байұлы бұзылса – беріш түзейді.Танысаң – адайыңмын,Танымасаң – құдайыңмын.Жаныс кетсе,Орнына..
Түйеге қатар-қатарына тұз бермеңіз,Табыннан қыз алмаңыз, қыз бермеңіз.
Аққу менен қаз егіз,Адай менен таз егіз. 
Жаппас жатқан түйеге міне алмас,Көтенінен теппесе, тұра алмас.
Қаракесек қапқара күңнен туған,Қазыбегі би болып бетін жуған.
Ет жаманы — көмекей,Ел жаманы — шөмекей.