От туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 49
Жұмбақтар: 27
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 122
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 1
Әңгімелер: 13

Мың адам салған көпірдібір адам бұзады,Бір адамның жаққан отынаон адам жылынады
©  Самет Оқанұлы
(Шақпақты) шақса – (от) тұтанар,(Сөз) ұғындырылса – (ой) білінер.
©  Түркі халықтары
От түтінсіз болмас,Жігіт жазықсыз болмас.
©  Түркі халықтары
От дегенге ауыз күймес.
©  Түркі халықтары
Отсыз түтін болмайды
От заттарды күйдіреді, бірақ темірді күйдірмейді.
Су мен от бір-бірімен дауласпайды.
Темір отта шынықтырылса, адам-мұқтаждықта.
Ағаш ыдысты отқа тек бір рет қояды.
От болса жылу болады
Сусыз өмір жоқ,Отсыз темір жоқ. 
Отты жаға білмегенПықсытады.Шөпті шаба білмегенҚоқсытады. 
Темірді от,Ағашты мөр,Адамды сөз балқытады.
Сай қуалап су ағар,Жел қуалап от жанар. 
Шындық отқа күймес, суға батпас.
Жырақтан жылытқан от жақыннан қариды.
Өзіңдікі өзіңе,Оттай ыстың көзіңе. 
Белгілі қосшың болмаса,
Белің буып атқа бар!
Тоқалыңыз болмаса,
Бәйбішесімей отқа бар.
Бек деген — от,
Жақын жүрме, күйесің.
Бар бақытты сақта, өсектен жұтатар,
Ол кіріссе, жоқтан отты тұтатар.
Байлық үшін отқа түспе, таспағын,
Құмарлықтың мойнын жұлып тастағын.
Ашқа ас пысыртпа,
Тоңғанға от жақтырма.
Ақылы азған адам өзін-өзі отқа тастайды.
Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.
Аз от алауласа, шаһар өртейді.