Аққу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 106
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 2
Поэмалар: 3
Аңыздар: 7

Тауындағы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды топтанған қарға алар"Тауындағы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды топтанған..
Таудағы түлкіні табындағы тазы алар, тозғындаған аққуды шалғындаған қаз алар"Таудағы түлкіні табындағы тазы алар, тозғындаған аққуды шалғындаған қаз..
Қарға қаралығын білсе, аққуға жоламас.
Аққу менен қаз егіз,Адай менен таз егіз. 
Аққуды атпа, сотталасың.
Өз жөні бар әркімнің:Аққу-көкте,Көбелек-шөпте.
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Аққу шалшықтан шықса да аппақ.
Аққу айдын көлде жүзеді,
Ару айдын көңілде жүзеді.
Айдындағы аққуды
Ақылды мерген атпайды,
Ақ еркесін айдынның
Атуға қолы батпайды.
Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.