Тілеу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 41
Әңгімелер: 2

 Құдай! Аяққа тік тұрғыз, құлауды өзім де білем.
©  Жебірей
Тарықпай ер тілеуін бермейді.
Адамнан тілеген арыды,
Құдайдан тілеген жарыды.
Аю апанын тілейді,
Жақсы баланы тілейді.
Тілеуі мықтының тірегі мықты.
Ұрының тілеуі –
Базардың бүлінуі.
Өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге тілеме.
Соқырдың тілегені екі көзі.