Оқ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 20
Жұмбақтар: 9
Өлеңдер: 39
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 4

Көп отырған құс оққа ұшады.
Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.
Темір сырын оқта танытады,Адам сырын жоқта танытады.
Әділетсізге атқан оғың-әділет.
Адырна да үзілді,Ататын оқ та таусылды.Періштеден де бес мін табылар.
Ойламай сөйлеу нысананы көздемей атылған оққа ұқсайды.
Бүгін атар оғың болса,
Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.
Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.
Атылған оқ қайтып оралмайды.
Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.
Атқан оқ тастан қайтпайды,
Елші ханнан тілін тартпайды.
Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Жайдың оғы – жоғары ұшпас.
Бір оқпен екеуді сұлатты.
Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
Атқан жерде оқ қалар.
Оқ-дәріңді отқа жақ.