Пайда туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 25
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 38
Нақыл сөздер: 39
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 2

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
Не пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Құрбан..
©  Мұқағали Мақатаев
Зая кеткен әрбір сәт - істелмеген іс, түспей қалған пайда.
©  Филип Честерфилд
Жоғары билiкке ұмтылу адамның мемлекеттiң мүддесiнен гөрi өз пайдасын көбiрек ойлайтынын көрсетедi.
©  Шарль Луи Монтескье
Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде.
©  Жүсіп Баласағұни
Жақсы бастыққа iстiң мән-жайын бiлетiн жақсы жәрдемшi, ақылгөй кеңесшi, қолқанат қажет. Мұндай жағдайда оның iсi жанып, ол өз халқына, қоғамына..
©  Жүсіп Баласағұни
Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі.
©  Абай Құнанбаев
Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім,
Көп те болса, ешбір түсім термедім.
Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
Аяғыңдағы етігің кең болғаннан не пайда,
Ақыреттегі көрің тар болса.
Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.
Жаманның досы көп,
Жанына пайдасы жоқ.
Пайдаға жүгірген,
Пәлеге жолығар.
Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.
Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.
Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.
Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық.