👈 қаріп өлшемі 👉

Білу туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 24
Өлеңдер: 50
Нақыл сөздер: 17
Туындылар: 1
Әңгімелер: 3

Кім көбірек білсе, көбірек сұрайды.
Бір қызығы, аз білгенінді білу үшін көп нәрсені білу керек.
Не білетіндігің маңызды емес, кімді білетіндігің маңызды.
Әркімнің өзін-өзі білу ---патшалық.
—  Естеу ЖҮНІС
Мен білмеймін деме,Үйренейін де.
Көп көп біледі, көптен көп білем деген түк те білмейді.
Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
Білмегенге үйрет,
Жерге соқаны салып сүйрет.
Білмегендер алтынды бақырдан айыра алмайды.
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
Әуелі көріс, сонан соң біліс.
Өзiм бiлем деген жiгiттiң,
Басына ойран салғаны.
Көп бiледi деген жiгiттiң,
Басына қорған салғаны.
Білгеннен көргенің көп,
Көргеннен көрмегенің көп.
Қол қолды біледі, шариғат жолды біледі.
Көп жасаған не білер,
Көп көрген сол білер.
Білсе - барымта,
Білмесе - сырымта.
Көп білсең де,
Көптен артық білмейсің.
«Көп біледі» деген күледі,
Өзім білем деген өледі.
Адасқанның
Артындағысы біледі.
Жаңылғанның
Жанындағысы біледі.
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы