Білмеу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 16
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 4

Білмеу күнә емес.
Отты жаға білмегенПықсытады.Шөпті шаба білмегенҚоқсытады. 
Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.
Білмегенге алтыннан да пайда жоқ.
Білмегендер алтынды бақырдан айыра алмайды.
Білмегенді «білем» деген — күпірлік,
Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.
Білмегеннен түбінде бас ауырар.
Білсең, халықтан озасың,
Білмеген жамандар, мойның неге созасың.
Білмеу - ұят емес,
Үйренбеу - ұят!
Байқамай тұрып – килікпе,
Білмей тұрып – ентікпе.
Білсе - барымта,
Білмесе - сырымта.
Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят.
Жегенін білмейтін шұнай,
Жұтқанын білмейтін құмай,
Алғанын білмейтін құдай.
Көрмеген көлде
Білмеген құстың
Даусы естіледі.
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
Түбін білмеген түгін білмейді.