Көл туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 29
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 157
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 4
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 1
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Аңыздар: 3

Көлдің көркі — құрақ,Жігіттің көркі — пырақ.  
Оқжетпестің қиясында
Арқада Бурабайға жер жетпейді,Басқа жер ойды ондай тербетпейді.Бурабайдың көлі мен КөкшетаудыКөрмесең, көкіректен шер кетпейді.Қиясымен бұлт құшқан..
©  Мағжан Жұмабаев
Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,Жағалап суаты бар жерге келді.Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.Су ішіп, көлдің шықты..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ қалпы
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,Сахара көлге қонып салқындаған.Бір өртке қаудан шыққан душар болып,Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!Алаштың адамының..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Адамдық диқаншысы
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,Көңілін көгертуге құл халықтың.Қор болған босқа..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Айналасын жер тұтқан
Айналасын жер тұтқанАйды батпас демеңіз.Айнала ішсе таусылмасКөл суалмас демеңіз.Құрсағы құшақ байларданДәулет таймас демеңіз.Жарлыны жарлы..
©  Бұқар жырау
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,Бұл үйректей болыңыз,Судан суға шүйгуменКөлден көлге қоныңыз.Байлар ұғлы шораларБас қосыпты десін де,Маң-маң басып..
©  Бұқар жырау
Көл қылып құйдым талай судай ағын
Көл қылып құйдым талай судай ағынСөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағымДүниенің машақатын шектім талай,Алмасын тірлікте ердің бағын.Қызыл тіл сөз..
©  Шернияз Жарылғасұлы
Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім?Шабақ болам титтей.Белің қайда, туған елім?Ойнақтайтын киіктей.Далаң қайда, туған елім?Жатайын да ойлайын.Бабам қайда, туған..
©  Мұқағали Мақатаев
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.

Жауабы: Көл
Көл бетіндегі өсімдік
Көлдің бетінде кең жапырақ жаятын ғажайып өсімдік пайда болды. Бұл өсімдік күнде екіге бөлінеді де сол екі бөлік бұрынғы..
Диаметрі 300 метр көл, оның дәл ортасында арал бар, аралдың ортасында ағаш, жағада да бір ағаш бар. Жүзу білмейсіз. Қолыңызда тек 300 метрден астам..
Тай қазаным күні бойы қайнайды
Ортайып та, сарқылып та қалмайды.

Жауабы: Көл
Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?

Жауабы: 0, қалғандары ұшып кетті
Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.
Ауызы жаман елді былғар,
Аяғы жаман көлді былғар.
Ер қатесіз болмайды,
Көл бақасыз болмайды.
Бұлақ өзін көлмін дер.
Суалған көлге бақа – айғыр.
Бара-бара мың болар,
Тама-тама көл болар.
Тал көлді жағаласа,
Қайың белді белдеулер.
Қаз қозғалса, үйрек көлді жағалайды.
Шөлдеген түсінде көл көреді.
Көлден көзе де сау шықпайды.
Қайраны жоқ көлден без,
Қайырымы жоқ ерден без.