Күн туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 81
Жұмбақтар: 93
Тақпақтар: 58
Өлеңдер: 864
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 41
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 46
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Аңыздар: 1

Күн жайлы қызықты жұмбақ.
Алып-алып, сап-сары, Аспанда жарқыл етеді. Көрген бала қызығып, Зерттегісі келеді. Ж: Күн
©  Нұрғалиқызы Ясира
Ие жеке атқа,Алты планета бар ғарыштаРетiмен айт, жатқа.(Ай, Күн, Марс, Сатурн, Юпитер, Шолпан)
©  Ескен Елубаев
Ие жеке атқа,Екi жарық бар аспандаРетiмен айт, жатқа.(Күн, Ай)
©  Ескен Елубаев
Атасы – сал,Əкесi қозғаладыОрынынан зорға,Ағасы – шабан,Өзi – жорға.Iнiсi – жылдам,Баласы – жүйрiк,Зымырап тұрған.(Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)
©  Ескен Елубаев
Алтын сандық ашылды,Жақұты жерге шашылды.(Күн)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғы жоқ жүреді,Көздері жоқ күледі.Ағайынды екеуін,Бүкіл əлем біледі.(Ай мен Күн)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қозғалмайтын ең жарық әрі полярлық жұлдыз?жауабы: Күн
Өзі – көзі,Көзі – өзі.Күн
©  Мұзафар Әлімбаев
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүниежүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы — күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
(Күн мен ай)
Біреу екеу болмайды,
Екеу үшеу болмайды,
Үшеу төртеу болмайды,
Төртеу бесеу болмайды,
Бесеу алтау болмайды.
Бір құдай, ай менен күн, ошақтың..
Күндіз бар да, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ.

Жауабы: Күн
Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.

Жауабы: Күннің күркіреуі
Жағалдайдың түйесi
Жар жағалап келедi.
Сауырында таңбасы
Күйiп-жанып келедi.

Жауабы: Күн
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.

Жауабы: Күннің күркіреуі
Азаяр қыста қызуы,
Молаяр жазда шыжуы.

Жауабы: Күн
Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді неткен жаулық.

Жауабы: Күннің сәулесі
Екеуі де анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Қырық сегіз патшасы.

Жауабы: Ай мен Күн, бір жылдағы және бір айдағы..
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.

Жауабы: Күн
Көл бетіндегі өсімдік
Көлдің бетінде кең жапырақ жаятын ғажайып өсімдік пайда болды. Бұл өсімдік күнде екіге бөлінеді де сол екі бөлік бұрынғы..
Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.

Жауабы: Апта күндері
Сен бар әлемді жылытасың,
Шаршауды еш білмейсің,
Терезеден күллімдейсің,
Сенсің кәдімгі ... дейтін.

Жауабы: Күн
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.

Жауабы: Күн
Бір жылда қанша айдың 28 күні бар?

Жауабы: 12
Ей, құрғыр, есермісің, есермісің,
Бұралып тал шыбықтай өсермісің.
Айналып үш жүз алпыс түлкі жұмбақ,
Байлауын жұмбағымның шешермісің.

Жауабы:..
Үш жүз алпыс шытыра,
Қырық сегіз батыр,
Екі аққу, он екі бұлбұл.

Жауабы: Үш жүз алпыс күн,қырық сегіз жексенбі,ай мен күн,он екі ай