Ағаш туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 19
Мақал-мәтелдер: 80
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 93
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Жерден өсіп шығады,Жерден ұстап тұрады.Алуан бұйымға айналарБар болса адам құралы.(Ағаш)
©  Серікбай Оспанов
Алғашқы түбiр сөз –Бояудың түрi.Екiншi түбiр сөз –Өсiмдiктiң бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Курорт iрi.(Сары + Ағаш – Сарыағаш)
©  Ескен Елубаев
МƏУЕЛI БАҚ
Айналып кеткенМəуелi баққа,Саяжай осы,Шымбұлақ жақта.Iшiнде оныңАлма ағаш – жетеу,Шие ағаш – үшеу,Алша ағаш – екеу.Бiр жаңғақ ағашЖəне бар..
©  Ескен Елубаев
Жалаңаштанып білегі,Жадауланып тұр өңі.Қауырсыны бұрқырап,Сары ала қаздай түледі.(Күзгі ағаш)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне..
©  Логикалық сұрақтар
Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң, өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.

Жауабы:..
Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған..
Қозғалмай бір орнында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.

Жауабы: Ағаш
Арбиған әкесі бар,
Тарбиған шешесі бар.

Жауабы: Шие ағашы
Диаметрі 300 метр көл, оның дәл ортасында арал бар, аралдың ортасында ағаш, жағада да бір ағаш бар. Жүзу білмейсіз. Қолыңызда тек 300 метрден астам..
Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.

Жауабы: Ағаш кескіш ара
Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.

Жауабы: Ағаш
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.

Жауабы: Ағаш
Екі ұшына
Екі шелек іліп алды.
Қайқы таяқ
Иығыма мініп алды.

Жауабы: Иінағаш
Жер жүзін бір айдаһар жеп барады,
Аузынан бітеу сүйек боп барады.
Айдаһардың аузына түспей қалса,
Енді іске жарамаймын деп барады.

Жауабы: Өрт..
Жазғы киімі жасыл,
Қысқы киімі ақшыл.

жауабы
Қар жамылған ағаш
Кескінсіз, талдай,
Миуасы балдай.

жауабы
Тұт ағаш
Айға, күнге көрінбес,
Ағашпенен тепе-тең.

жауабы
Ағаштың өзегі
Ол өзі мекен еткен жаһан дала,
Атасы, анасымен біреу ғана.
Қысында бар баласы кетіп бітсе,
Жазында қайта бітер сансыз бала.

жауабы - Ағаш және..
Қыс болса ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған..
Өсіп тұрған бұл не,
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап.
Жазда жасыл тон киеді,
Күзде сары тон киеді.
Қыста , суық аязда
Жалаңаш тұруды сүйеді.
Қозғалмай бір орында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.
Шақырсаң өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң қанамайды.
Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала-шаға.

жауабы
Алма ағашы