Мылтық туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 8
Жұмбақтар: 17
Өлеңдер: 18
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 1

Үңірейген қос танау,Ұстамаңдар, достар-ау!Танауынан от шығар,Қауіпті одан жоқ шығар?!(Қосауыз мылтық)
©  Серікбай Оспанов
Алысқа түкіреді,Əліңді бітіреді.(Мылтық)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Өмір-өмір өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.

Жауабы: Мылтық, оқ
Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.

Жауабы: Мылтықтың даусы
Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?

Жауабы: 0, қалғандары ұшып кетті
Қос құбыр,
Аузына іліккен,
Тез құрыр.

Жауабы: Мылтық
Темір жатыр ағаштың арқасында,
Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар,
Әкесі ашуланса баласына.

жауабы
Мылтық
Қара күшігім қанқ етті,
Даусы Бұхарға жетті.

жауабы
Мылтықтың даусы
Қуыс қурайдың басынан
Құтырған торғай ұшты.

жауабы
Мылтықтың оғы
Жылт, жылт еткен,
Жырғадан өткен.

жауабы
Мылтықтың оғы
Өмір-өмір,өмірден,
Жаққан оты көмірден,
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.

жауабы
Мылтық, оқ
Көз алдыма әкелсем,
Алыс жерге түкірген.
Ебін тапсаң инедей,
Айтқан жерден түйрелген.
жауабы
Мылтық, оқ
Тау тарс етті,
Күн гүрс етті.
Жырадағы жылқы үрікті,
Жымда жатқан түлкі үрікті.

жауабы
Мылтық
Дауыстап жаһанда ақырғанда,
Баласы қайта келмес шақырғанға.

жауабы
Мылтық
Алып соғып арс етті,
Даусы Самарқанға жетті.

жауабы
Мылтық
Бас бармағы бармақтай,
Бақырғаны тайлақтай.

жауабы
Мылтық
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
жауабы
Мылтық