Ауыл туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ауыл" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ауыл" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ауыл" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ауыл" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 56
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 22
Өлеңдер: 627
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 9
Туындылар: 1
Әңгімелер: 119
Ертегілер: 1
Поэмалар: 6
Шығармалар: 12
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 4

Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
Ас берсең, ауылы алысқа бер, айта кетер.
Аңдысқан ауыл болмас,
Ит балалап сауын болмас.
Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.
Ауыл иттінің құйрығы қайқы.
Ауылынан дәметкен,
Алақанын күзеткен.
Ауылың ала болса,
Ала атың құла болар.
Ауылды алалық бұзады,
Араны арамдық бұзады.
Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.
Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.
Ауылнаймен келісті,
Ауылын шауып бөлісті.
Берекесіздің ауылы - мерекесіз.
Қазақ аулы қарайлас.
Шеру соңы қарайлас.
Аулы араластың,
Қойы қоралас.
Аңдысқан ауыл болмас,
Есептескен дос болмас.
Ауылыңда қария болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар,
Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған аттай болар.
Ескі мақұл дауласса, сөздері асқар ала..
Аңдысқан ауыл болмас.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Ауылым - алтын бесігім.
Ауыл – қарайлас,
Шаруа – орайлас.
Ауыл үйдің қонағы,
Айында-жылында бір келер.
Елін жамандаған
Елеусіз қалады.
Ауылын жамандаған
Атаусыз қалады.