Ақылдасу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 4
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 1

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
Ердің жақсысы
Елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ең болмаса,
Жаулығымен, жеңімен ойласады.
Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің.
Ақылдасқан азбас,
Жақындасқан тозбас.