Жақын туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 24
Өлеңдер: 16
Нақыл сөздер: 4
Шығармалар: 1

Жақыныңды жаттай күт,жат көрсін де түңілсін,Бір-біріңді қадір тұт,жұрт үлгі алсын, үңілсін
©  Самет Оқанұлы
Жылы-жылы сөйлесең,Жылан інінен шығады.Қатты-қатты сөйлесең,Жақының діннен шығады
©  Самет Оқанұлы
Кезіккен кісі өзің болмас,Жат пен жақын бірдей болмас.Кезіккен кісінің барлығы өзіңдей болмайды. Сондықтан шын сырыңды оған айта берме. Сондай-ақ жат..
©  Түркі халықтары
«Кешегi күннен алыс жоқ, Ертеңгi күннен жақын жоқ»
Халық даналығы ұрпағына қандай асыл сөзді, тәрбиені осы бір мақал арқылы қалдырғанын..
©  Гүлтас Құрманбай
Кешегi күннен алыс жоқ, ертеңгi күннен жақын жоқ.
Әрбір адам ақылды бола бермейді,
Жат пен жақын бірдей бола бермейді.
Әдепшілік белгісі—
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі—
Кешіктірмей келгені.
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
Ағайын алыста болса, кісінесер,
Жақында болса, тістесер.
Алыстан дабыл сазы хош келеді,
Жақындасың – бос келеді.
Жақыны көп адам жасқанбайды.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
Жамандық жақын, жақсылық алыс.
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
Қарыстың алыстығы бар,
Сүйемнің жақындығы бар.
Жақыныңмен жауласқан
Жатқа мазақ болар.
Алыстағыңа сыйын,
Жақындағыңа сүйен.
Жауға жақсылық қылма,
Жақынға тапшылық қылма.
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын — жақын.
Үйден ұзап шықпасаң
Қатынға қадірің болмайды.
Ауылдан ұзап шықпасаң
Жақынға қадірің болмайды.
Ақылы елден артылған,
Ақылық болса, бір мақтан.
Жұрттығы жұрттан артылған
Жақының болса, бір мақтан.
Жақынның жаманын мақтама,
Көршіңнің ала жібін аттама.
Жабыны жалды екен деп
Сатып алма,
Жаманды малды екен деп
Жақын қылма.
«Арық» деген жаман тай
Жазға шықса ат болар,
Жамандығың сезілсе
Жақын кісің жат болар.