Нәсіп туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 15
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2

Таңғы нәсіп табыстан,Түскі асым таныстан.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қысқа шілдеде қу сақта,
Жаз шілдеде су сақта.
Ебептен себеп, балшықтан мұрат.
Кезі келсе кетпен шап,
Майрылмаса, қайырылсын.
Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Мал бітпес деп ерден түңілме.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.
Қарманған қарап қалмайды.
Қимылдаған қыр асады.
Ерте тұрған өкінбес.
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
Түсі келіспей, ісі келіспес.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
Киіз кімдікі болса,
Білек соныкі.
Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.
Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.