Ауыл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 56
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 22
Өлеңдер: 612
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 118
Ертегілер: 1
Поэмалар: 6
Шығармалар: 7
Анекдот, әзілдер: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 4

Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам
©  Самет Оқанұлы
Берекелі тоғайда,Басын иіп тал тұрар.Берекелі ауылда,Ақылы дана шал тұрар
©  Самет Оқанұлы
Ең әдемі бөтен қала өзінің туған ауылы сияқты жақсы емес.
Қазақ аулы қарайлас.Шеру соңы қарайлас. 
Берекесі кеткен ауылдыңАйтқаны өсек болар,Аңдығаны төсек болар,Берекесі кірген ауылдың:Айналдырғаны шаруа болар.Еккені тары, жегені жарма болар. 
Әр түлкінің өрісі басқа,Әр ауылдың қонысы басқа. 
Ұзаған сайын ауылданАуылды жаның  сағынған.
Бөтен ауылдың аты озғанша,
Өз ауылыңның тайы озсын.
Базардың иті ауылдың итін қаламайды.
Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
Ауылды келіншек бұзар,
Елді келімсек бұзар.
Ауылдың қонағы айда-жылда бір қонар.
Ауылыңда қарияң (қартың) болса, жазып қойған хаттайын,
Алған жарың жақсы болса, ерттеп қойған аттайын.
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.
Ас берсең, ауылы алысқа бер, айта кетер.
Аңдысқан ауыл болмас,
Ит балалап сауын болмас.
Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.
Ауыл иттінің құйрығы қайқы.
Ауылынан дәметкен,
Алақанын күзеткен.
Ауылың ала болса,
Ала атың құла болар.
Ауылды алалық бұзады,
Араны арамдық бұзады.
Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.
Ауылдың жолын білмей тұрып,
Ауылнайдың жөнін сұрайды.
Ауылнаймен келісті,
Ауылын шауып бөлісті.