Қадір туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 42
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 58
Нақыл сөздер: 33
Туындылар: 8
Әңгімелер: 12
Шығармалар: 1
Эсселер: 1

Қолда барда алтынның қадірі жоқ
©  Самет Оқанұлы
Жақыныңды жаттай күт,жат көрсін де түңілсін,Бір-біріңді қадір тұт,жұрт үлгі алсын, үңілсін
©  Самет Оқанұлы
Жақсы ағайын, жақсы әйел,Басыңа қонған бақпен тең.Қадір білмес жақының,Таныспаған жатпен тең
©  Самет Оқанұлы
Ат қадірін жоқ білмес,Ас қадірін тоқ білмес
©  Самет Оқанұлы
Адамның қадірі тіршілігінде.
©  Түркі халықтары
Бос шөлмектің қадірі жоқ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйел ақылды еркектің кемшіліктерін, ал ақымақтың қадір-қасиетін іздейді.
Бір адамға қадірің жүрмесе, Екінші адамға күлкі боласың
Жорғаның қадірін желгенде біледі,Жақсының қадірін өлгенде біледі.
Қолыңда  барды қадірле,Жиярсың сонда бәрін де.
Әкесінің ақшасымен үйленгенӘйелінің қадірін білмейді.
Мал қадірін білмеген,Жан қадірін білмейді. 
Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес. 
©  Майқы би
Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
©  Бауыржан Момышұлы
Алтынның қолда барда қадірі жоқ.
Ac қадірін білмесең, ашаршылықты көрерсің,
Ат қадірін білмесең, жаяушылықты көрерсің.
Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.
Тірілігінде қадірлемей, өлгенінде жылағаның құрысын.
Ет қадірін – ашыққан біледі,
Жол қадірін – тарыққан біледі.
Қадіріңді бір сөз қашырса да,
Мың сөз қайтармайды.
Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.
Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.
Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.
Аш қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін сау білмес.