Арам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 25
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 13
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2

Арамның ісі өрге баспайды,Өрге басса да, өрден аспайды
©  Самет Оқанұлы
Иегін еркелетіп (сипалап), сақалын ұқсатар.Бұл мақал арам ниетін айла-тəсілмен іске асырмақшы болып, жылмаңдаған сұрқияжандарға арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Адал болсаң арың сақталарАрам болсаң халқың сақтанар.Белгісіз автор
Араққа жұмсаған ақша-арам ақша,Нанға жұмсаған ақша-адал ақша.
Есектің еті — арам,Күші — адал. 
Арам малдың арты — азап.
Арам молда аңқау елді алдап жер.
Арамдық кірген үйден тыныштық қашады.
Арам ас түскен іш жазылмайды.
Адалға есеп, арамға да сұрау бар...
Ала жылқы жоғалмас,
Арамза жан оңалмас.
Арам тамақ ас болмайды.
Иесі арам болса,
Биесі шабан болады.
Ауылды алалық бұзады,
Араны арамдық бұзады.
Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.
Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.
Арамды құдай табады,
Момынды қайыр табады.
Арам — ауыр,
Ақ — жеңіл.
Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.
Адал кісі арымас,
Арам кісі жарымас.
Сығырдың ақысын сараң жейді,
Сараң болмаса, арам жейді.
Қонақ қолын тигізбеген ас арам.