Надан туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Надан" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Надан" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Надан" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Надан" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 18
Өлеңдер: 28
Нақыл сөздер: 24
Әңгімелер: 1

Ғалымнан надан артпас ұққанменен
Ғалымнан надан артпас ұққанменен,Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.О-дағы қалыбынан аса алмайды,Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.
©  Абай Құнанбаев
Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен. 
©  Олжас Сүлейменов
Біреуден біреу артылса
Біреуден біреу артылса,Өнер өлшеніп тартылса,Оқыған, білген - білген-ақ,Надан - надан-ақ сан қылса.Оқыған білер әр сөзді,Надандай болмас ақ..
©  Абай Құнанбаев
Дана адамдардың iсiне ақыл, ортан қол кiсiлердiң iсiне тәжiрибе, надандардыкiне — қажеттiлiк, жануарлардыкiне — табиғат түрткi болады.
©  Цицерон
Егер надандар тыйылып сөйлемегенде, адамдар арасында түсінбеушілік болмас еді.
©  Имам Тақи
Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.
©  Бауыржан Момышұлы
Әркім — ақ шарап ішсе мас болады,
Іштегі барлық сыры паш болады.
Білімді ішсе — наданның кейпін киіп,
Надан ішсе — жасайды масқараны.
©  Жүсіп Баласағұни
Надан заттардың өз мәнiсiне сәйкес келетiнiне таңданады және осы таңырқау бiлiм бастауы болады: данышпан, керiсiнше, заттар өзi бiлетiннен басқаша..
©  Аристотель
Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Бергенін алған –
Наданның ісі.
Ішкенін құсқан –
Жаманның ісі.
Қатесіз адам – қаперсіз надан.
Надан – қашан да надан,
Наданмен байланыспаған – адам.
Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.
Надан данамен өш.
Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.
Надан достан тура дұшпан артық.
Мың надан сопыдан, бір ілім молда артық.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Жағымпаз надан —
Жаудан жаман.
Наданға жалынғанша,
Адамға жалын:
Надан жолыңды тосады,
Адам қатарға қосады.