Ұста туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 28
Өлеңдер: 9
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 1

Ұсталы ел озар,Ұстасыз ел тозар
©  Самет Оқанұлы
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,Ұста өлсе, істеген заты қалар
©  Самет Оқанұлы
Ағаш ұсталары көп жерде қабырғалар қисық.
Темір ұстасынан көмір сұрамаңыз (не жоқ, не өзіне керек).
Темірді балға істемейді, бірақ темір ұстасы істейді.
Балтасыз-ағаш ұстасы емес, инесіз - тігінші емес.
«Тозбасты ұста соқпайды, Өлместі Құдай жаратпайды»
Өмірдің өтпелі екенін ұқтыратын осындай қанатты сөздерді ата- бабаларымыз ежелден-ақ..
©  Гүлтас Құрманбай
Іс көп-темір аз,Ұста көп-көмір аз.
Ұшқыннан қорыққан ұста болмас.
Ұстаның қуаруын білгенше,
Темірдің суаруын біл.
Сынбасты ұста жасайды.
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
Көп көрген - нұсқа,
Көп істеген - ұста.
Ұстамен жақын болсаң,
Мүйiз кесерiн аларсың,
Қайықшымен жақын болсаң,
Дауыл күнi кемесiн суға саларсың.
Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Қолы ұста адамның
Қойнында алтын бар.
Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.
Әр шаһардың ұстасы
Өз пышағын мақтайды.
Ұстаның өрісі
Көрігінен төсіне дейін.
Жаман ұста жанынан.
Ұстамен жақын болсаң
Ұстарасын аларсың.
Мүттайыммен жақын болсаң
Пәлесіне қаларсың.